7 жастағы Милананың өлімі: Екібастұзда жерлеу рәсімі өтті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 жастағы Милананың өлімі: Екібастұзда жерлеу рәсімі өтті Фото ©️ Tengrinews.kz

Екібастұзда 7 жасар Милана Давыдованы жерлеу рәсімі өтті. Қайтыс болған қыз үш күн бойы іздестірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда 7 жасар Милана Давыдованы жерлеу рәсімі өтті. Қайтыс болған қыз үш күн бойы іздестірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Милана Давыдовамен қоштасуға жүздеген адам келді. Жерлеуге қыздың әкесі, жақын туыстары, еріктілер, жергілікті әкімдік өкілдері және Екібастұз тұрғындары қатысты.

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімі қалалық мәйітханада өтті. Жиналғандардың кейбірі қатты уайымдап, көмек сұрауға мәжбүр болған.

Екібастұздықтар марқұм Миланаға гүлдер мен ойыншықтар әкелді. Милана Давыдова 21 қарашада Екібастұздағы ескі зиратқа жерленді.

Фото Tengrinews.kz

Еске салайық, 17 қарашада Павлодар облысының Бесқауға ауылында жеті жасар Милана Давыдова жоғалып кетті. Анасының айтуынша, қызын іздестіріп таба алмаған соң, ол полицияға хабарласқан.

Өңірде 500-ден аса адам: еріктілер, кинологтар қатысқан іздеу жұмыстары жүргізілді. Жүзден аса техника, сондай-ақ "Қазавиақұтқару" тікұшағы жұмылдырылды.

Фото Tengrinews.kz

Павлодар облысына басқа қалалардан да еріктілер келді.

Фото Tengrinews.kz

Милана Давыдованың денесі 19 қарашада табылды. Жедел іздестіру және тергеу шаралары барысында кәмелетке толмаған қыздың жоғалуының мән-жайы мен себептері анықталды. Күдікті ретінде қыздың анасы мен оның танысы ұсталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети