7 мамырда Астана алаңының үстінен 70-тен аса ұшақ пен тікұшақ ұшып өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 мамырда Астана алаңының үстінен 70-тен аса ұшақ пен тікұшақ ұшып өтеді Астана қаласында 7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілді. ©mod.gov.kz

7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында Қазақстанның Әскери әуе күштері ұшу жаттығуларын ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 мамырда өтетін әскери парадқа даярлық аясында Қазақстанның Әскери әуе күштері ұшу жаттығуларын ұйымдастырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шерулік саптың жалпы ұшу ретімен майдан, армия авиациясының және әскери-көлік авиацияcының топтары өтеді. Астанада "Қазақ елі" алаңының үстімен Қазақстан Әскери әуе күштерінің 70-тен астам авиациялық техника бірлігі ұшып өтеді.

ҚР Әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана және Қарағанды авиабазаларына көшірілген. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, авиация техникасын көшіру Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетовтің басшылығымен жүзеге асырылған. Мұнда ұшу құрамы жаттығу ұшуларының элементтерін пысықтайтын болады. Кәсіби шеберлік, тәртіп пен бірлесе жұмыс істей білу мәселелеріне айрықша назар аударылады.

"Қазіргі уақытта біз жұп болып және топтық құрамда ұшуды пысықтау үстіндеміз. Біздің ұшқыштар жоғары деңгейде даярланған, олар өз шеберліктерін ұдайы жетілдіріп, шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызы бар міндетті үздік атқарып шығады деп санаймын", - деп түсініктеме берді Н.Орманбетов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети