7 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды Фото: © Николай Колесников

Нұр-Сұлтанда және 7 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда және 7 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

3 қыркүйекте таңертең және күндіз елордада күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 16-18 градусқа дейін күрт төмендейді. 

3 қыркүйекте күндіз Қостанай облысында ауа температурасы 12-18 градусқа дейін күрт төмендейді.

3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында, 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 және 25 метрге дейін жетеді.

4 қыркүйекте Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы кей жерлерінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 және 25 метрге дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз ауа температурасы 12-18 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети