70 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

70 мыңға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 69 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы егілді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 69 мыңнан аса адам коронавирусқа қарсы егілді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 наурыздағы жағдай бойынша, "Спутник V"-ның бірінші компонентін қабылдағандардың жалпы саны - 69 095 адам. Вакцинаның екінші компонентін 18 807 адам қабылдады.

Айта кетейік, 5 наурыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда бірінші компонентпен вакцинацияланған адамдардың жалпы саны 28 388 болған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 1 ақпанда басталды. Алғашқы болып дәрігерлер егіле бастады. Ал 1 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы екпені педагогтер, балабақша тәрбиешілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері алады. Бұл топта вакцинацияланғандар тізімінде 15 мыңнан аса адам бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети