Ақтауда мұқтаж адамға көмек көрсеткен мейірімді қыздың видеосы Желі қолдаланушыларын сүйсіндірген еді. Tengrinews.kz тілшісі видео кейіпкерін тауып, анасымен сөйлесті.
Ақтауда әмиянынан ұсақ-түйек ақша алып, оны мұқтаж адамға берген оқушы қазақстандықтардың көңілін босатқан болатын. Осы сәтті камераға түсіріп алған ер адам видеоны әлеуметтік желілерде таратты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қалалық білім бөлімінің қызметкерлері журналистерге видеоның басты кейіпкерін табуға көмектесті. Ол Ақтау қаласындағы № 5 орта мектептің 2-сынып оқушысы Сабина Кенгесбаева болып шықты.
"Біздің отбасы үлкен: әкесі, анасы және бес бала бар. Әкеміздің шағын типографиясы бар, мен үй шаруасындағы әйелмін. Біз өзіміз мұқтаж жандарға тиын-тебен қалдырып тұрамыз, шамасы, қызымыз бізден үлгі алды. Жалпы, ол мінез-құлқы бойынша - көшбасшы. Достарының көбі оған құлақ асады. Сол күні ол ер адамға 70 теңге берген", - дейді қыздың анасы Динара Қарабалина.
Ол қызының қалта шығындарына беретін ақшасын планшетке жинап жүргенін, ал мұқтаж адамға бергені үйден тауып алған ұсақ-түйек екенін айтты.
"Жақындарына көмектесу - әрбір адамның міндеті. Біздің үйде садақа үшін ақша жинайтын жәшік бар. Күн сайын балалармен оған Жаратушының ризашылығы үшін ақша саламыз. Ай соңында жиналған қаржыны мұқтаждарға немесе мешітке береміз", - деді Динара Қарабалина.
Қыз оқитын № 5 мектеп директоры Сабинаның іс-әрекеті барлығына үлгі екенін айтты.
"Қыз өте қарапайым. Әрдайым сабаққа дайындықпен келеді, сондай-ақ барлық іс-шараға қатысады. Осының бәрі отбасынан. Оның ер адамға көмек көрсетуі - толыққанды отбасы тәрбиесінің нәтижесі", - деді Алмажай Райымбердиева.
Желі қолданушылары ақтаулық мейірімді қыздың видеосын талқылап жатыр
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!