48 лауазымды тұлға шетелде асырап алынған қазақстандық балалардың қайда екені жайлы деректің жоқтығы үшін әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының Tengrinews.kz ресми сауалына қайтарған жауабында хабарланды. Бұған дейін шенеуніктердің 673 баланың қайда екенін білмейтіні хабарланған болатын.

Бақылау ведомствосы өкілінің айтуынша, лауазымды тұлғалар прокурорлық қадағалау актілері бойынша әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде, Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқығын қорғау комитеті қызметкерлері бар. "Бүгінге дейін, Сыртқы істер министрлігінің мәліметі бойынша, жалпы қамқоршылық және қорғаншылық органдарына асырап алынған 384 бала бойынша бала асырап алудан кейінгі есеп түсті", - деп хабарлайды прокуратура өкілдері. Мұнымен қатар, АҚШ, Бельгия, Франция, Испания, Ирландия уәкілетті органдарымен екі жақты жұмыс топтары құрылды және басқа да елдермен осындай топтарды құру бойынша мәселе зерттеліп жатыр.
Ведомство өкілдері ҚР заңдарына сәйкес, қазақстандық балаларды асырап алушылар республиканың шетелдік мекемелеріне есеп беруі тиіс екенін айтты. Мұнымен қатар, прокуратура өкілдері жеке шетел азаматтары мұндай құжаттарды жолдамайтынын жеткізді. Ведомство өкілдері қазақстандық шенеуніктердің 673 баланы қалай, қайда және қандай жағдайларда бала асырап алғаны жайлы мәліметті Tengrinews.kz порталына "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодекстің "Бала асырап алу құпиясы" туралы 102-бабына сәйкес беруге қарсы болды. Шетелдік асырап алушылар қазақстандық балаларды асырап алуға әлі күнге мүдделі. 2013 жылдан бері шетелге кәмелетке толмаған 66 бала әкетілген.