04 қараша 2019 | 15:58

74 мың отбасы табысын жасырып, атаулы әлеуметтік көмек алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атаулы әлеуметтік көмекке ие болу мақсатында елімізде 74 мың отбасы өз кірістерін жасырған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.


Иконка комментария блок соц сети

Атаулы әлеуметтік көмекке ие болу мақсатында елімізде 74 мың отбасы өз кірістерін жасырған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

"Биылғы сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті төлеу жүйесі өзгерді, көлемімен қатар алушылардың да саны артты. Бізде барлығын ақпараттық жүйе автоматты түрде анықтайды. Яғни АӘК алушы тек қана өтініш жазады, қалғанын ақпараттық жүйе өзі анықтайды. Біз жүйе арқылы өз кірістерін жасырған 74 мың отбасыны анықтадық", - дейді Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, олардың қатарында жақсы үйлері мен автокөліктері бар АӘК алушылар да болған.

"Себебі оларда расымен де ресми түрде кіріс жоқ. Бұл дұрыс емес, сіз 2 қабатты коттеджіңіз болып тұрып АӘК аласыз, ал нағыз көмекке мұқтаж отбасы жәрдемақысыз қалуда. Осыған орай біз учаскелік комиссияның жұмысын күшейтетін боламыз. Олар барлығын тексеріп, сіз АӘК-ті ала алмайсыз деп айтуы тиіс. Біз учаскелік комиссия жұмысын барлығын тексеріп үлегере алатындай етіп заңдастыратын боламыз. АӘК отбасылық табысы жоқ, көмекке мұқтаж жандарға төленуі тиіс. Бұл жәрдемақы елімізде 2002 жылдан бастап төленіп келеді. Қазіргі таңда АӘК бойынша жаңа заң жобасы Мәжілістің қарауына ұсынылды. Келесі жылдан бастап АӘК төлеу жүйесі өзгертіледі", - деді ол. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети