08 ақпан 2021 | 09:11

"8 ақпаннан бастап шықпаймыз". Қостанайлық автобус жүргізушілері наразылыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ng.kz © ng.kz

WhatsApp-та Қостанайдың қоғамдық көлік жүргізушілері 8 ақпанда жұмысқа шықпайтынын айтқан видеоны таратып жатыр, - деп хабарлайды "Наша газета"


Иконка комментария блок соц сети

WhatsApp-та Қостанайдың қоғамдық көлік жүргізушілері 8 ақпанда жұмысқа шықпайтынын айтқан видеоны таратып жатыр, - деп хабарлайды "Наша газета"

Жүргізушілер алдымен қостанайлықтардан кешірім сұрап, артынша неге наразы екенін түсіндірген - жалақысын көтеріп, жұмыс істемейтін валидаторлар үшін және кондуктор функциясы үшін олардан жауапкершілік талап етуді қою.

Қоғамдық көлік жүргізушілері қолма-қол төлем ақысы көтерілуі мәселесін де қозғады. 

"Біз 150 теңге - біздің қаламыздың көптеген тұрғыны, студент, жастар, қарапайым жұмысшы үшін де үлкен сома деп есептейміз", - дейді наразы топтағы адамдардың бірі. 

Сонымен қатар, жүргізушілер автобусқа алдыңғы есікпен кіріп, артқы есікпен шығу туралы ережені алып тастауды талап етті. Олардың сөзінше, жүргізуші мұндай жағдайда артқы есікпен шығып бара жатқан жолаушыны көре алмай, оны есікпен қысып қалуы мүмкін.  

"Қостанай тұрғындарынан қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз! Түсініп, кешіріп, бізді қолдауын сұраймыз! Дәл қазір сіздердің қолдау қажет", - дейді жүргізушілер. 

Бұған дейін мессенджерде ер адам 8 ақпанда автобус жүргізушілері жұмысқа шықпайтынын айтып жатқан аудио тараған. Журналистер әкімдіктен олар мұндай жағдайда не істейтінін сұраған. 

"Жүргізушілердің наразылығына байланысты, бізде ол туралы ақпарат бар. 8 ақпандағы наразылық мәселесі белгісіз. Біріншіден, біз тендер ұтып алған заңды тұлғалармен жұмыс істейміз. Келісімге сәйкес, олардың автобусы жұмысқа шығуы керек. Егер мәселе туса, бізде конкурстық құжаттар, жолаушылар тасымалы туралы шарт бар, бәрі заң жүзінде болады", - деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қасымов. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети