8 айда 2142 рейд: ҚТЖ-да қауіпсіздік шаралары күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 айда 2142 рейд: ҚТЖ-да қауіпсіздік шаралары күшейтілді Фото: "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ

Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол айналасында қауіпсіздікережелерін, яғни болат жолдан өтудің өзіндік тәртібін қатаң сақтауға қатты мән беріледі. Себебі, қашан да адамдар өмірі мен денсаулығы – бәрінен маңызды. Осы ретте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да темір жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. 2025 жылдың 8 айында ел өңірлерінде профилактикалық және ақпараттық бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аса қауіпті аймақ саналатын теміржол айналасында қауіпсіздікережелерін, яғни болат жолдан өтудің өзіндік тәртібін қатаң сақтауға қатты мән беріледі. Себебі, қашан да адамдар өмірі мен денсаулығы – бәрінен маңызды. Осы ретте "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-да темір жолдағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табуда. 2025 жылдың 8 айында ел өңірлерінде профилактикалық және ақпараттық бағытта ауқымды жұмыстар жүргізілді.

Аталған мерзім ішінде адам басу оқиғаларының алдын алу мақсатында 1512 жиналыс өткізілді. Оған 43645 адам қатысты. Сонымен қатар теміржолды белгіленбеген, рұқсат етілмеген жерден кесіп өтетін тұрғындарды анықтап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 851 рейд ұйымдастырылған. Соның барысында жолдан өту ережелерін бұзғаны үшін 24 адамға әкімшілік айыппұл салынған.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бойынша станция жолдарына бөгде адамдардың шығуының алдын алу жөнінде әзірленген іс-шаралар жоспары аясында ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, көлік прокуратурасы және полиция, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көліктік бақылау аумақтық органдары, сонымен қатар ЖТ бөлімшелерінің шекараларындағы тиісті қызметтер, БАҚ өкілдерін шақыра отырып Үйлестіру кеңесінің 122 отырысы өтті, бұл жиындарда бірлескен іс-шаралар өткізу мәселелері қаралды.

Бұл мәселеде әсіресе халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта теміржолға жақын тұратын елді мекендер тұрғындары арасында теміржол бойында жүрудің қаупі мен ережелері туралы 2177 түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Бұл іс-шараларға 21685 адам қатысқан.

Оқу орындарында да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Мектептер мен колледждерде "Теміржол – аса қауіпті аймақ" тақырыбында 1041 жиналыс өткізілді. Қатысушылар саны 28621 адамды құрады.

Халықты бұл мәселе туралы көбірек ақпараттандыруға да баса назар аударылып отыр. Осы мақсатта өңірлік деңгейдегі бірінші басшылар БАҚ-та, яғни радио, теледидар, газетте 442 рет сөз сөйлеп, аса қауіпті аймақта бөгде адамдардың жүруінің алдын алу бойынша жұмыстардың маңыздылығын түсіндірген.

Желілік тәртіп сақшылары, әскерилендірілген теміржол күзеті қызметі, магистральдық желі бөлімшелерінің жұмысшыларымен бірге адамдардың теміржолды белгіленбеген жерден жаппай кесіп өтетін орындарына 2142 рейд жүргізілді. Тәртіп бұзғандарға теміржол маңайында ережеге сай жүрмеудің қаупі түсіндірілді. Сонымен қатар теміржолды рұқсат етілмеген тұстан жаппай кесіп өтетін жерлерде 693 ескерту белгісі жаңартылды.

Қауіпсіздік – қашанда бірінші басымдық берілетін мәселе. ҚТЖ-да қозғалыс қауіпсіздігін сақтау – науқандық жұмыс емес, ол – теміржолдағы жарақаттанушылықты азайту және адамдар өмірін қорғау бойынша тұрақты жұмыстың бір бөлігі.

Tengrinews
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети