8 аймақта көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 аймақта көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды Архив фото: Tengrinews.kz

Қазақстанның 8 аймағында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 8 аймағында ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

9 қараша таңертең және күндіз Қызылорда облысында шаңды бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 23 метрге жетуі ықтимал.

Ақмола облысында 9 қарашада тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соққан жел кейде 23-28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда 9 қарашада таңертең және күндіз тұман, көктайғақ болады.

9 қараша түнде Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метр болады.

Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейде 25 метрге жетуі мүмкін.

9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кейде 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соғады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети