8 миллион қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

8 миллион қазақстандық декларация тапсырудан босатылады: кімдерге қатысты? Midjourney

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексінің жобасында жеке тұлғаларды декларация тапсыру міндетінен босату қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексінің жобасында жеке тұлғаларды декларация тапсыру міндетінен босату қарастырылғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенаттың кулуарында Біржанов №250 нысан – яғни кіріс декларациясы – бір рет тапсырылады және оны қайта тапсыру қажет емес екенін еске салды.

"Тек 270-нысан тапсырылады – 15 қыркүйекке дейін, егер жыл ішінде қандай да бір өзгерістер немесе сатып алулар болса", – деп түсіндірді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстандағы барлық сатып алулардың 87 пайызы қолма-қол емес жолмен жүзеге асырылады, бұл салық органдарына барлық қажетті ақпаратты автоматты түрде алуға мүмкіндік береді.

"Сондықтан шешім қабылданды: салықты өзі есептемейтін жеке тұлғалар декларация тапсырудан босатылады. Себебі олардың орнына салық міндеттемелерін жұмыс беруші немесе агент орындайды. Біз әрбір қызметкер бойынша есептілікті онсыз да алып отырмыз, бұл деректер бізде сақтаулы. Егер біреу декларация тапсырмаса, біз оны көреміз. Бұл 8 миллион адамды есеп тапсыруға мәжбүрлеудің қажеті жоқ", – деп түйіндеді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети