05 наурыз 2018 | 13:28

8 наурызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 6-8 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, алдағы күндері циклон боран мен дауылды жел алып келеді. 

"Терең және белсенді циклон Батыс Сібірге ауысады. Онымен байланысты болатын атмосфералық фронттар үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағы арқылы жылжитын болады", - дейді олар.

6 наурызда жылы фронттар болса, 7-8 наурызда суық фронттар республиканың солтүстік бөлігінде қар жауу, боран, көктайғақ, қатты жел, 25-30 м/с дейін көтерілетін ұйытқу, температураның қысқа мерзімді жоғарылауынан кейін суық күндер болады екен.

"Оңтүстік облыстарда жауын-шашын, ылғалды қар, тұман, кей жерлерде 23-28 м/с дейін көтерілетін батыс желі күтілуде. Қазақстанның оңтүстігінде дабылды ескерту жарияланды:  6 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және аса күтіледі", - делінген хабарламада.

Тараз қаласында 6 наурызда соққан оңтүстік-батыс, батыс желінің екпіні 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.

6 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, таулы асуларда  қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-батыс, батыс желі соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан аса күтіледі. 

Бұған дейін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланған.

5-7 наурызда Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан, Қызылорда облыстары бойынша кей жерлерде жауын-жашынның (жаңбыр басым) қатты түсуі күтілуде. Осыған байланысты, мұздық құбылыстардың әлсіреуі, жазықтық жерлерде еріген ағынның және таулы өзендерде баурайлы ағынның пайда болуы күтіледі. Су деңгейлері көтеріліп жайылмаға шығуы мүмкін. 

5-6 наурызда Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша күндізгі ауа температурасының 0+7 C-қа қысқа мерзімді жоғарылауы, жауын-шашынның  (қар, жаңбыр), кей жерлерде қатты түсуіне байланысты жазық аумақта қардың еруі және еріген қар ағынының қалыптасуы күтіледі.        

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети