Халықаралық әйелдер күніне орай қазақстандықтар қалай демалады? Tengrinews.kz егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Наурызда елде екі мемлекеттік мереке атап өтіледі: соның бірі - Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз).
2026 жылы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні алдағы жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты демалыс күндерін ауыстыру қағидаларына сәйкес, 9 наурыз, дүйсенбі де демалыс күні болады. Ұзақ демалыстан кейінгі алғашқы жұмыс күні - 10 наурыз, сейсенбі.
8 наурыздағы демалыс кестесі:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 7, 8 және 9 наурыз - қатарынан үш демалыс күні, 10 наурыз - жұмыс күні;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 7 наурыз - жұмыс күні, 8 және 9 наурыз - демалыс күндері, 10 наурыз - жұмыс күні.

Айта кетейік, 2026 жылы наурыз жұмыс күндерінің саны бойынша ең "қысқа" айлардың бірі болады:
- аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 13 демалыс күні және 18 жұмыс күні;
- аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!