Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО арқылы жүргізуші куәлігін заңсыз беруді ұйымдастырғандарға қатысты тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО арқылы жүргізуші куәлігін заңсыз беруді ұйымдастырғандарға қатысты тергеу бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, бір топ адам Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ХҚКО арқылы жалған медициналық анықтамалар мен автомектептерді бітіргені туралы куәліктерді пайдалана отырып, келушілерді нақты оқытпай, теориялық және практикалық емтихандар тапсыртқызбай, 80 мыңнан 120 мың теңгеге дейін сыйақы үшін жүргізуші куәліктерін заңсыз беріп келген.
"Екі мыңнан аса жүргізуші куәлігі берілген. Тінту барысында мектептердің жеті мөрі, оқу аяқталғаны туралы куәліктің 479 бланкісі және дәрігерлердің қолдары мен мөрлері қойылған, адамдардың сауалнамалық деректерін толтырмай №086 нысандағы жалған медициналық анықтамалар алынды", - делінген хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мәліметінше, заңбұзушыларға қатысты нақты шешімді сот шығарады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!