30 тамыз 2020 | 15:05

"800 емес, 189". ДСМ Алматыда пневмониямен ауырған балалар санын түзеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда пневмониямен ауырып жатқан балалар туралы мәліметті өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев нақты мәліметтер келтірді. 


Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Алматыда пневмониямен ауырып жатқан балалар туралы мәліметті өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев нақты мәліметтер келтірді. 

Бұған дейін Алматыда өткен брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда 800-ден аса баланың пневмониямен ауырғанын хабарлаған болатын.

"Пневмониямен ауырып, ауруханада 806 бала жатыр", - деген еді Бекшин.

Байтанаев 806 баладан пневмония табылмағанын айтып, мәліметті түзеді. 

"ЖРВИ, тұмау (2019-2020 жж.) эпидемиологиялық маусымы басталғаннан кейінгі мәліметтер келтірілді. Пневмониямен ауруханаға жатқызылған адамдар саны - 806, оның 189-ы - 14 жасқа дейінгі балалар", - деді Байтанаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бңр тәулікте елде 543 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталған, 2 адам көз жұмған. 

2020 жылдың 1-30 тамызы аралығындағы статистика: пневомниямен ауырғандар саны - 25 658, қайтыс болғандар - 284, жазылғандар - 5549 адам.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети