800 пайызға дейін табыс: Қарағандыда “Үміт Самғау“ схемасы әшкереленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

800 пайызға дейін табыс: Қарағандыда “Үміт Самғау“ схемасы әшкереленді видео кадры

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Үміт Самғау" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті "Үміт Самғау" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, компания жалғызбасты аналарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсететін қайырымдылық жоба ретінде жасырынған.

"Азаматтарға салған қаражатының 300 пайыздан 800 пайызға дейін табыс әкелетіні жөнінде уәде беріліп, әртүрлі "салым түрлері" ұсынылған. Жоба шарттары бойынша, салым көлемі неғұрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым көп болатыны айтылған", - делінген хабарламада.

Қатысушыларға төлемдер нақты кәсіпкерлік қызмет есебінен емес, жаңа салымшылардың қаражаты есебінен жүргізілген.

"Қылмыстық схемаға ұйымдастырушының туыстары мен таныстары "дропперлер" ретінде тартылған, олардың атына тіркелген банк карталары мен шоттарына салымшылардың ақшасы түсіп отырған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 400-ден аса азамат тартылып, жиналған қаражаттың жалпы көлемі 100 миллион теңгеден астқан".

Сот санкциясымен күдіктінің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети