83 отбасы Шымкенттен солтүстікке қоныс аударды

ПОДЕЛИТЬСЯ

83 отбасы Шымкенттен солтүстікке қоныс аударды Фото: ©️ depositphotos.com

83 шымкенттік отбасы солтүстік өңірлеріне көшіп, ерікті қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

83 шымкенттік отбасы солтүстік өңірлеріне көшіп, ерікті қоныс аудару мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкенттіктер Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарына қоныс аударған, оларды жұмысқа орналастыру бойынша ұсыныстар дайын.

Шымкент сияқты оңтүстік аймақтар дәстүрлі түрде халықтың тығыздығымен ерекшеленеді, ал солтүстік облыстар еңбек ресурстарының тапшылығын сезінеді.

Мансап орталығының бөлім басшысы Әлібек Усманов солтүстік өңірлерде мамандардың жетіспеушілігі әсіресе денсаулық сақтау және білім беру салаларында сезілетінін атап өтті. Жыл соңына дейін Шымкенттен тағы 167 отбасын көшіру жоспарланып отыр.

"Қазір қоныс аударушылар саны артып келеді, өйткені жақсы жеңілдіктер бар. Бізге әр екі айда әр түрлі аймақтардан делегаттар келеді. Олар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін, кәсіпкерлік қызмет үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін айтады. Қоныс аударушыларға да белгілі талаптар қойылады", - деді Шымкент қаласының Мансап орталығының бөлім басшысы Әлібек Сманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети