07 мамыр 2014 | 14:20

88 жастағы ардагер заманауи танкімен нысанаға дәл тигізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ардагер-танкышы Измаил Галиулин "Спасск" полигонында. Ардагер-танкышы Измаил Галиулин "Спасск" полигонында.

Қарағандылық 88 жастағы ардагер-танкышы Измаил Галиулин "Астана" аймақтық командование басшыларының рұқсатымен заманауи Т-72Б танкіменен оқ атты. Танкке отырмағанына 60 жыл өткеніне қарамастан ардагер-танкышы шартты нысанаға дәл тигізіп, алдына қойылған міндеттемелерді толықтай орындап шықты, деп хабарлайды Remarka.kz. порталы.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық 88 жастағы ардагер-танкышы Измаил Галиулин "Астана" аймақтық командование басшыларының рұқсатымен заманауи Т-72Б танкіменен оқ атты. Танкке отырмағанына 60 жыл өткеніне қарамастан ардагер-танкышы шартты нысанаға дәл тигізіп, алдына қойылған міндеттемелерді толықтай орындап шықты, деп хабарлайды Remarka.kz. порталы.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Галиулин атақты Т-34 танкіге отырып соғысқан. Ол Еуропа жерін басып өтіп, соғысты Берлиннің түбінде аяқтаған. Және ол соғыс жылдары бірнеше рет жараланғанымен әскери кәсібилігі оның өмірін сақтап қалып отырған. Қазір еліміздің қарулы күштері заманауи техникалармен қамтамасыз етілсе де ардагер-танкышыға жаңа техниканы бағындыру аса қиындық тудыра қоймады. Механик-жүргізушінің орнына отырған ардагер танк полигонын әп сәтте-ақ басып өте шықты.

"Бізді танкышы өз машинасын жақсы білуі керек деп үйретті. Майдан алаңында қалай жүру керектігін, қолайсыз жерлерде танкты қалай жөндеу керектігін, дұрыс жасырынуды да үйретті ьізге. Егер сен берілген нұсқауларды дұрыс орындасаң өмір сүру мүмкіндігін еселене түседі", - деді ардагер.

Оның сөзіне қарағанда, кешегі танк пен бүгінгі танкті басқаруда айтарлықтай өзгеріс бола қоймапты. "Мен үнемі жаңа техникаларды мейлінше терең зерттеуге тырыстым. Сондықтан болар мен танктың әр бөлшегін жатқа білетінмін. Ал қазір көп жүргізуші көлігінде қандай бөлшектің барын білмейді. Менің аман қалуыма танк құрылымын жақсы білгендігім әсер етті деп ойлаймын", - деді ардагер.

 

Измаил Галиулин 1926 жылы Башқұртстандағы шағын ауылдардың бірінде дүниеге келген. Соғыс аяқталғаннан кейін Германия мен Шығыс Украина жерінде тағы бес жыл бойы Отан алдында борышын өтепті. Әскерден қайтқаннан кейін Уфада техникум мен институтты бітірген. Содан "агроном" мамандығын алған ол жолдамамен Қазақстанға келген екен. Еңбек өтілінің 30 жылын оқытушылық қызметке арнаған ардагер екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп өсірген.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети