9 мамырда ардагерді арқалаған ОҚО тұрғыны өзі туралы айтып берді

10 Мамыр 2017, 16:50
0
9 мамырда ардагерді арқалаған ОҚО тұрғыны өзі туралы айтып берді -

9 мамырда ардагерді арқалаған ОҚО тұрғыны жергілікті жастар орталығының кеңесшісі болып шықты. Көптеген Желі қолданушылары осы суреттерді көріп, ер адамның атасын арқалап, қалалық саябаққа бара жатыр деп ойлаған. Іс жүзінде олар осы кезге дейін таныс болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әділбек Қайырбеков Кентау қаласындағы жастар орталығында кеңесші болып жұмыс істейді екен. Жеңіс күнін тойлау кезінде ол ардагерлердің жанында жүруі керек болған. Таңертеңнен бастап ол бірнеше еріктімен бірге ардагерлердің үйіне барып, қалалық саябаққа алып келген. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі - 90 жастағы Мұхамеджан Исмаилов - жүруге қиналған. Әділбек ойланбастан ақсақалды арқалап, саябаққа дейін алып келген. Неліктен мұндай қадамға барғанын сұраған журналиске ол "тәрбием сондай" деп жауап берді. 

"Мен туралы жаңалықта жазады деп ойламадым. Себебі істеуім керек нәрсені жасадым. Басында Мұхамеджан ата ұялды, содан кейін рақмет айта бастады. Олардың бізге істегенімен салыстырар болсақ, менің ісім түкке де тұрмайды ғой. Олар бізге жарқын болашақ сыйлады. Менің де атам соғысқа қатысқан, мен олардың маңдай терімен әперген Жеңісі үшін алғысымды білдіремін", - дейді ер адам.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай