"Жау жүрек полк - Бессмертный полк" шеруіне байланысты Нұр-Сұлтанда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
"Жау жүрек полк - Бессмертный полк" шеруіне байланысты Нұр-Сұлтанда бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 9 мамыр күні Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
Қоғамдық көліктің қозғалысын қоса алғанда, "Жау жүрек полк - Бессмертный полк" жаяу колоннасының жүріп өтуіне байланысты Тәуелсіздік даңғылындағы Нәжімеденов көшесінен Пушкин көшесіне дейінгі учаскенің жолдары жабылады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік даңғылына жапсарлас Б.Момышұлы, Майлин, Шарль де Голь, Күйші Дина, Қажымұқан көшелерінде де қозғалыс шектеледі. Сондай-ақ, Аманжолов көшесі жағындағы Байтұрсынов көшесі және Б.Момышұлы, Тәуелсіздік даңғылы және Нәжімеденов көшесі бойымен қозғалыс шектеледі.
"Жабық учаскені айналып өтпес үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды және балама жол учаскелерін пайдалануды ұсынамыз", - делінген ведомство хабарламасында.
Таңертеңнен бастап "Батырларға тағзым" шеруі аяқталғанға дейін алты бағыттың қозғалыс сызбасы өзгереді: № 3, 19, 21, 29, 40, 100. Бұл ретте 11:00-ден бастап 17 қозғалыс кестесі уақытша ауыстырылады: 2, 4, 15, 18, 23, 25, 28, 31, 44, 47, 48, 51, 56, 61, 71, 73, 101.
"Құрметті жолаушылар! Сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Маршруттар қозғалысының сызбасындағы барлық өзгерістер туралы қалалық 109 анықтамалық қызметінен білуге болады", - делінген Астана LRT хабарламасында.
8