01 мамыр 2014 | 20:29

9 Мамырды Қазақстанда тойлаудың себептері

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Жазушы Шыңғыс Айтматов өзінің "Ғасырдан да ұзақ күн" романында мәңгүрттер, яғни есінен айырылған адамдар туралы айтады. "Мәңгүрт өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмейді. Балалық шағы, әке-шешесі мүлде есінде қалмайды. Бір сөзбен айтқанда, мәңгүрт өзінің адам екенін аңғармайды", - деп сипаттаған құлдықты Айтматов. Туындының желісі бойынша, қолға түсіп, мәңгүртке айналған сарбаздардың бірі қожайынының бұйрығымен өз анасын өлтіреді...


Иконка комментария блок соц сети

Жазушы Шыңғыс Айтматов өзінің "Ғасырдан да ұзақ күн" романында мәңгүрттер, яғни есінен айырылған адамдар туралы айтады. "Мәңгүрт өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмейді. Балалық шағы, әке-шешесі мүлде есінде қалмайды. Бір сөзбен айтқанда, мәңгүрт өзінің адам екенін аңғармайды", - деп сипаттаған құлдықты Айтматов. Туындының желісі бойынша, қолға түсіп, мәңгүртке айналған сарбаздардың бірі қожайынының бұйрығымен өз анасын өлтіреді...

Өзі туралы ештеңе есінде қалмаған адам осындай сорақы қылықтарға бара алады. Ал өз тарихы жайлы түк білмейтін халықтың басынан не өтпеуі мүмкін? Сондай халықтың өкілдері бұрынғы қателіктерін қанша рет қайталап жатыр? Осы орайда, КСРО халықтарын фашизмнен қорғап қалған ардагерлердің ерліктерін еске түсіруге қажет бірнеше себептерді көлденең тартуды жөн көріп отырмыз.

Қоғамшылдар бірнеше рет ескертіп өткендей, соңғы кезде тарихты бұрмалау әрекеттері жиі жасалатын болды. "Мемориальды аймақ" іздестіру жасағының негізін салушы, профессор Майдан Құсайынов тарихқа қызығушылық танытушыларды әуелі өз білімдерін тереңдетіп алуға шақырды. Оны Панфилов дивизиясы жауынгерлерінің ерліктері шынайы еместігі туралы мәлімдемелер мен Әлия Молдағұлованың жерленген жері туралы әңгімелер қатты қынжылтты. Генералдың немересі Әлия Байқадамова да панфиловшылардың ерліктеріне күмән келтіру адамгершіліке жат қылық екенін айтты.

Осы ретте айта кетейік, еліміздің ресми ұстанымы соғыс сипатын, фашизмді жеңуге қайсыбір елдердің қосқан үлесін қайта бағалау, нацистік режимнің айыбын жуып-шаю әрекетеріне берік тосқауыл қою қажеттігін білдіреді. "Соғыс Кеңес Одағы халықтарының бәрі үшін қаһарлы сынақ болды. Оның бүкіл адамзат тартқан азабы бәрімізге сабақ, сондай-ақ алдын-ала ескерту сақтықтары өз мәнін күні бүгінге дейін жоғалтқан жоқ", - деді Қазақстан Сенатының экс-төрағасы Қайрат Мами 2013 жылы Мәскеуге барған сапарында.

Қоғам өкілдері өз кезегінде азаматтардың тарихи ескерткіштерге қарым-қатынастары жайлы мәселе көтерді. Алматыдағы "Мемориальды патруль" қозғалысының мүшелері ескерткішке деген әдепсіз әрекеттерге жол бермеу үшін әкімге 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына бейнебақылау камерасын орнатуды және саябақта тәртіп ережелері жазылған тақта ілуді, сондай-ақ Даңқ Мемориалына құрметті қарауыл қоюды ұсынды.

Қазір Қазақстанда Ұлы Отан соғысының алты мың ардагері өмір сүреді. Бұл – 2014 жылдың ақпан айындағы дерек. Осыдан екі жыл бұрын олар тоғыз мың болатын. Олар Кеңес адамдарын да, Кеңес адамдары туралы естеліктерді де жойып жіберуге тырысқан жаудың пиғылын өз көздерімен көрді.

Соғыс туралы 1941 жылы КСРО-ға шабуыл жасаған ел Германия да ұмытқан жоқ. Президент Йоахим Гаук Ленинград блокадасын ең үрейлі оқиғаның бірі ретінде атап өтті. "Мен Кеңес Одағына қарсы нацистік Германия жойып жібермек болып жүргізген соғыс туралы күйзеле қайғырып және қатты ұялып қана ойлай аламын. Әсіресе Ленинградты қоршап алу соғыстың үрейлі оқиғасы болды. Менің сіздерге және сіздердің халықтарыңызға айтарым: біз соғыста қаза болғандар үшін қайғырамыз және күні бүгінге дейін соғыс зардабын тартып жүрген тірілермен бірге күйзелеміз", - деп жазды Гаук. Ол жыл сайын 27 қаңтар күні немістің бундестагында национал-социализмнің "құрбан сағаты" өтетіндігін атап өтті.

Соғыс сабақтары мен қаһармандар ерлігі жайлы естеліктер бұрынғы қателіктерді қайталамас үшін ғана маңызды емес екендігін ескерте кеткіміз келеді. Жалпы тарихи тәжірибе өскелең ұрпақ арасында патриотизмді өрістетуге де қажет. Қазақстанда "Өшпес полк" қозғалысының танымалдығы артып келеді. Мәнісі қарапайым – оның мүшелері 9 мамыр күні өздерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан аталары мен бабаларының суреттерін алып парадқа шығады. Бұл – балаларға ата-бабаларының ерліктері жайлы тарихи естеліктер айтып беруге болатын оңтайлы сәт. Қозғалысты қазірдің өзінде Қазақстанның сегіз қаласы қолдап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети