9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады? Фото ©️ Владислав Семенов

Париж Олимпиадасы да аяқталып келеді. Бүгін 6 спорт түрінен отандастарымыз бақ сынайды. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Париж Олимпиадасы да аяқталып келеді. Бүгін 6 спорт түрінен отандастарымыз бақ сынайды. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, "Хабар", "Ел Арна" және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды.

Кеше финалда бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Таеквондо. 1/16 финал
12:00. Батырхан Төлеуғали – Исмаел Кулибали

• Еркін күрес. 1/8 финал (125 кг)
15:00. Юсуп Батырмұрзаев – Роберт Баран

• Каноэ есу. Жұптық сын. 500 м.
15:40. Мария Бровкова, Руфина Искакова

• Байдарка есу. Жұптық сын. 500 м. "В" финалы
16:20. Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий

• Заманауи бессайыс. Жартылай финал. Семсерлесу, жүзу, конкур, лазер-ран
16:00. Георгий Борода-Дудочкин

• Жеңіл атлетика. 10 000 м жүгіру. Финал
23:57. Дейзи Джепкемей

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети