Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарлықта Сұлтан Жиенбаевтың қоғамдық және этносаралық келiсiмдi орнықтыруға, Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшін марапатталғаны айтылады.
Айта кетейік, Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаев бүгін 95 жасқа толып отыр. Ол Ұлы Отан соғысының ардагері, партиялық және мемлекеттік қайраткер. Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет еткен (1970-1984).