“99 мың теңгелік скотч“. ҚМА өкілі мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар туралы айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“99 мың теңгелік скотч“. ҚМА өкілі мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар туралы айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мемлекеттік сатып алулардағы негізсіз бағалар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында Бижанов 100 АЕК-ке дейінгі (2025 жылы 393 200 теңге) шағын сатып алулар бойынша көрсетілген бағалар мен нақты бағалар арасында айтарлықтау алшақтық бар екенін айтты. Оның айтуынша, келісім-шарттардағы қарапайым скотч бағасы бір данасы үшін 2000 теңгеден 99000 теңгеге дейін болған.

Ведомство анықтаған деректер:

  • 7,5 мың жағдайда баға ұсыныстары келісімшарт жасалғаннан кейін бірден жойылған;
  • 8,3 миллиард теңгеге жасалған 8 мың келісімшарттың іріктемелі талдауы шамамен 4 миллиард теңгеге артық баға белгілерін көрсеткен;
  • техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін тауарлар жеткізілгені анықталған.

Мұндай сатып алулар Omarket.kz платформасы арқылы жүзеге асады, ол автоматты түрде ең төмен бағаны таңдауы тиіс. Алайда Бижановтың айтуынша, іс жүзінде орташа бағаны қолдан көтеру схемалары тіркелген.

Ведомство бақылауды және рәсімдердің реттелуін күшейтуге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети