Bek Air ұшағы апаты: сот ұшқыштарды кінәлі деп тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air ұшағы апаты: сот ұшқыштарды кінәлі деп тапты Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Түрксіб ауданының соты Алматыдағы Bek Air ұшағының апатына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түрксіб ауданының соты Алматыдағы Bek Air ұшағының апатына қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Bek Air әуекомпаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Алматыдан Нұр-Сұлтанға (сол кездегі атауы) бағыт алған, бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден биіктікті жоғалтқан. Кейін қоршауды бұзып өтіп, әуежай маңындағы екі қабатты ғимаратқа соғылған. Бортта 93 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары ұшақтың әуеге көтерілгенін, бірақ бірден қисайғанын көрсеткен. Ұшқыш ұшақты қайта қондыруға шешім қабылдағанымен, шассиді шығара алмаған. Ғимаратпен соқтығысқан сәтте ұшақтың жылдамдығы 70 узел (шамамен 126 км/сағ) болған.

58 жастағы Марат Мұратбаев апатқа ұшыраған ұшақтың командирі болған. Ол оқиға орнында қаза тапты. 54 жастағы пилот Мейіржан Молдақұлов ауруханаға жеткізілген. Оны 2020 жылдың 21 қаңтарында жағдайы тұрақты деп ауруханадан шығарған, алайда бір аптадан кейін ол қайтыс болды.

Пилоттар бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі (Әуе көлігін пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша іс қозғалған.

Сот не шешті?

Сот екі пилотты да кінәлі деп таныды, бірақ олар қайтыс болғандықтан жаза қолданылмаған.

"Марат Мұратбаев пен Мейіржан Молдақұловты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, бірақ олардың қайтыс болуына байланысты жаза тағайындалмайды", - деді судья.

Мемлекет 1,7 миллион теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындарын өтейді.

Bek Air мүлкіне қойылған тыйым азаматтық талап-арыздар қаралғанша күшінде қалады. Талап арыздардың жалпы сомасы — 4,8 миллиард теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети