01 ақпан 2019 | 13:34

EXPO қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

15 ақпаннан бастап EXPO қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек девелопмент" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

15 ақпаннан бастап EXPO қалашығындағы пәтерлерді бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Бәйтерек девелопмент" АҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

"Бәйтерек девелопмент" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Асқарбек Өсербаевтың айтуынша, енді қалашықтағы пәтерлерді сатудың жаңа механизмі жұмыс істейді. Ол механизм бойынша тұрғындар пәтерді 12 жылға дейін 3 жылдық пайыздық мөлшерлемемен ала алады.

Пәтерді жаңа механизм бойынша сатып алу үшін негізгі шарттар орындалуы тиіс: сатып алушы төлем қабілетін растап, пәтер бағасының кем дегенде 20 пайызын төлеуі керек - бұл алғашқы жарна ретінде саналады. Сосын "Бәйтерек девелопмент" АҚ -пен мүліктің кепілге алынғаны туралы келісімшартқа отырып, 3 айлық көрсеткіш мөлшерінде кепілді жарнаны төлеп, алынған мүлікті бөліп төлеу мерзімі кезінде сақтандыру қажет.

Компаниядағылардың айтуынша, бір отбасы тек бір пәтер ала алады. 

Өтініштерді Digital Baiterek порталы арқылы қалдыруға болады. Жана механизмді қолдану үшін "төлем әдісі" деген жолақта "бөліп төлеуге алуды" белгілеп, алғашқы жарнасының сомасын өзі көрсетуі қажет. Өтініш қалдырушылардың төлем қабілеті "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ электронды платфомасы арқылы анықталады.

EXPO қалашығындағы пәтерлердің бағасы анықталды

Еске салайық, 2018 жылдың 1 маусымыннан бастап "Бәйтерек" холдингінің - "Байтерек девелопмент" АҚ еншілес ұйымы Астана қаласындағы ЭКСПО аумағында орналасқан тұрғын үйлерді өткізе бастаған еді. 

Айта кетейік, қалашықтағы бір бөлмелі пәтердің аумағы 41,3-50,7 шаршы метр; екі бөлмелі - 60,8-75,6 шаршы метр, үш бөлмелі - 85,3-104,9 шаршы метр, төрт бөлмелі - 108,4-123,7 шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети