07 желтоқсан 2016 11:53

EXPO конструкциясының құлау себебі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылары кеңсесінде 2016 жылғы 16 қараша күні болған декоративтік конструкцияның құлау себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесінің ұйымдастырушылары кеңсесінде 2016 жылғы 16 қараша күні болған декоративтік конструкцияның құлау себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқарма төрағасының орынбасары Лютов мырза жетекшілік еткен арнайы комиссия құрылды. Комиссия "Казниса" және "Казмир" компаниялары арқылы тәуелсіз сараптама жүргізді. Кеше біз осы сараптаманың қорытындысын алдық. Сараптамада материалдардың химиялық құрамынан бастап, жобаға дейін мұқият тексеріліп, опырылу жобадағы қателіктен болған деген қорытындыға келіпті. Жобада, анығырақ айтсақ, нақты осы құрастырмадағы қателіктің салдарынан болған", - деді халықаралық көрменің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Оның айтуынша, құрылысты мемлекеттік комиссия әзірше қабылдаған жоқ. Ал мердігер жобалаушымен бірлесіп, бұл құрастырманы өз есебінен қалпына келтіреді.

"Көрме кешенінде жалпы осындай сегіз құрастырма бар. Бұл ең ұзыны еді. Бірақ жобадағы дәл осы құрастырмада қателік кеткен. Қателікті былай түсіндірсе болады. Бізде бір бас мердігер бар. Ол осындай сегіз құрастырманың төртеуін өзі жобалаған. Ал қалған төртеуіне субмердігер тартылған. Нақты осы құрастырманы жобалаған субмердігер металлдың басқа түрін пайдаланған", - деді Куянов.

Еске салайық, кеше EXPO территориясында ұзындығы 96 метр және салмағы 240 тонна болатын декоратив көпір құрастырмасы опырылған еді. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері бұл құрастырманың декоратив екенін және пайдалануға берілмейтінін айтып сендірді. Ал қалған павильондар бүлінбепті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети