KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 220,92 теңгеге тең

24 Тамыз 2015, 16:20
0
KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар бағамы 220,92 теңгеге тең - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

KASE күндізгі сессиясы бойынша доллар 220,92 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауда 213 теңгеден басталды. Ең арзан мәміле 207,1 теңге, ал ең қымбаты 236 теңге болды. Саудаға валюта нарығының 23 адамы қатысты. Ең соңғы келісім 224,5 теңге болды. Сауда көлемі 247,2 миллион доллардан асты. Күндізгі сессия сағат 11.30-15.30 аралығында болды. Еске сала кетейік, 24 тамыздағы таңғы сессия бойынша доллар 218,61 теңге болған еді.

Айта кетейік, 2015 жылдың 20 тамызында ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай