Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс

19 Наурыз 2014, 12:51
0
Kcell қыруар қаражатты абоненттерге қайтарып беруі тиіс - ©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Қазақстанның бәсекелестікті қорғау агенттігі "Ксеll" компаниясынан нөлдік баланс кезінде байланысты үзбей, сол қызметі үшін алған қыруар қаражатты абонеттерге қайтарып беруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін агенттік бәсекелестік заңнамасын бұзған "Ксеll" компаниясына 16,054 миллиард теңге көлемінде айыппұл салу туралы арыз түсірген болатын. Наурыздың басында болған сот отырысында оның бұл арызы бойынша оң шешім шыққан. Ал мәселенің мәнісі мынада - Activ бренді "Күндізгі безлимит" тарифтік жоспары аясында артық "жеңілдік" жасаса, Kcell нөлдік баланс кезінде байланыс қызметін үзбей, сол үшін ақша алып отырған. Ондай шаралар Қазақстанның бәсекелестік туралы заңнамасына сай келмейді. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау агенттігі компанияны доминанттық рөлді асыра пайдаланып кетті, сондай-ақ тұтынушылардың құқығын бұзды деп айыптады. Алайда Ксеll сот шешімімен келіспей отыр.

"Бәсекелестікті қорғау агенттігі ұялы оператордың атына тиісті хатты жолдады. Компания өз кезегінде монополияға қарсы заңнаманы бұзудың салдарын жоюға міндетті. Оның ішінде нөлдік баланстың негізінде тапқан ақшаны абоненттерге қайтарып беру шарасы да бар", - делінген агенттіктің ресми хабарламасында.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай