Сапалы, дәмді және қолжетімді!

Magnum меншікті маркаларының ақша үнемдеп, қазақстандық өндірісті дамытуға тигізіп жатқан көмегі.
Біз дүкенге кірген сәттен-ақ, себетті автоматты түрде толтыра бастаймыз: таныс ірімшік, өзіміз қолданып көрген жуғыш құрал, сүйікті тәттілерді аламыз. Бірақ соңғы жылдары Magnum сатып алушылары сауда желісінің меншікті сауда маркалары (МСМ) ұсынатын жаңа өнімдерді жиі таңдай бастады.

Біреулер үшін бұл – брендтің атағына бола артық ақша төлемей, үнемдеудің амалы болса, енді бірі жаңа дәмдер және текстуралармен танысқысы келеді. Ал қазақстандық өндірушілер үшін бұл — тұрақты дамып, жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі.

Magnum сауда маркалары

Magnum-ның меншікті сауда маркаларын дамытуды қолға алғанына бірнеше жыл болды. Қазір олардың қатарында «Все в дом», Kunde, «Мясная лавка», «Наш сыр», Ocean Food, Coffee Time, Qurmet және Toibastar шайлары, үйге арналған My Home тауарлары және басқа да брендтермен шығатын мыңнан астам тауар бар. Бүгінде аталған өнімдердің үлесі жалпы сауда көлемінің шамамен 40 пайызын құрайды. Ал МСМ тауарларының 60 пайызы – қазақстандық өнімдер. Бұған дейін біз Magnum желісіндегі МСМ қалай жұмыс істейтінін  толығырақ жазған болатынбыз.

Бүгін біз бұл тақырыпты қайта қозғап, Magnum-ның отандық өндірушілермен серіктестігін басқа қырынан көрсеткіміз келеді. Өйткені МСМ дегеніміз —тек сауда емес. Бұл, ең әуелі, адамдарға қатысы бар нәрсе: бағасы қолжетімді, адал өнім іздейтін тұтынушылар мен өз ісіне жанын салып, алға ұмтылатын өндірушілер туралы.

Бренд үшін емес, сапа үшін төлеу.

Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры Александра Чурсинаның айтуынша, қазір қазақстандық сатып алушылар бұрынғыға қарағанда, анағұрлым талғампаз, әрі таңдау еркі бар.
Александра Чурсина
Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры
«Қазір адамдардың жаңа өнімдерге ашық екенін байқаймыз. Бұрын сатып алушылар өздері үйреніп қалған таныс брендтерді ғана таңдайтын. Ал бүгінде біздің МСМ өнімдері әртүрлі топтағы тұтынушылардың себетіне жиі түсіп жүр.
Біз адамдар бренд үшін емес, өнімнің нақты сапасы үшін ақша төлесе екен дейміз. Себетін қымбаттатпай, түрлендіретіндей мүмкіндік болғанын қалаймыз. Ең бастысы – өнімнің адал жасалғанына, өндірушінің өз тұтынушысын құрметтейтініне сенімді болуы керек».
Айта кетерлігі, дүкен ішіндегі сатып алушыларды сөзге тартқан кезде, біз де олардың жаңа өнімдерді жатырқамайтынын байқадық.
  • Сабина, «Все в дом» қатпарды қамырын сатып алады:
    «Бірнеше айдан бері осы өнімді алып жүрмін. «Все в дом» маркасының тұрмыстық химиясы да ұнайды. Бағасы осыған ұқсас тауарлардан әлдеқайда арзан, сапасы да кем емес. Ең қуантатыны — өзіміздің отандық өнім».
  • Ғалия, «Все в дом» ірімшігі мен «Мясная лавка» сарделькасын сатып алады:
    «Magnum жақын болған соң жиі келемін. Сиыр етінен жасалған сардельканы құрбымның кеңесімен тұрақты түрде алып келемін. Ал ірімшікті бүгін алғаш рет дәмін көрейін деп, алып тұрмын!»
  • Рамазан, «Мясная лавка» шұжығын алады:
    «Мен Батыс Қазақстан тумасымын, біз жақта жылқы етінен жасалған шұжықты жақсы көреді. Бүгін Magnum-нан мына шұжықты бірінші рет көрдім, дизайны да, бағасы да ұнап тұр. Әрине, өзіміздің қазақстандық өнімді қолдау керек!»
  • Әсел, Kunde гигиеналық тауарларын алады:
    «Дәретхана қағазын алғаш рет алып тұрмын. Алты қабатты екен, қызықтым. Бағасына қарамадым, бірақ қаптамасының дизайны бірден көзге түсті. Дүкендерімізде жаңа тауарлар көбейіп, таңдау артқаны қуантады».

Бағасы ең тиімді жаңа тауарлар 

Соңғы бірнеше жылда Magnum-ның МСМ ассортименті айтарлықтай кеңейді – тауарлардың саны да артты, жаңа санаттар да қосылды.
«Ассортиментті едәуір ұлғайттық, сатып алушыларға жаңа санаттар ұсындық. МСМ - бағасы ең үздік тауарлардың көбірек болуы үшін керек, адамдар қалтасына салмақ түсірмей, жаңа өнімдерді байқап көруі үшін қажет. Кей кездері МСМ арқылы нарықта бұрын болмаған жаңа тауарларды ұсынамыз».

Александра Чурсина
Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры
Жаңа өнімдердің бірі – Kunde ерекше кондитерлік тауарлары, оларды Magnum мен Raim Food ЖШС бірлесіп жасаған.
«Тәттілер санаты өте жақсы дамып келеді. Бірақ бұл жерде арзан баға қою ғана жеткіліксіз. Сатып алушылардың таңдау мүмкіндігі мол, сөрелерде әлемдік брендтер өте көп. Сондықтан мұнда шығармашылық керек: қызықты, дәмді және ерекше өнім жасау қажет. Баға да маңызды, бірақ ол енді жалғыз алғышарт емес.
Екі жыл бұрын серіктесімізбен бірге жаңа десерт әзірледік – бұл жай шоколад немесе печенье емес, микс түрінде. Десерт дәмді, әрі ерекше болып шықты. Біз оны бірінші болып нарыққа шығардық, сол кезде баламасы мүлдем жоқ еді».

Александра Чурсина
Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры
Тағы бір мысал – тәтті бәліштер. Дәстүрлі түрде олар ашытылған қамырдан пісіріледі де, ішіне салма салынып, сыртына глазурь жасалады. Mагнум бұл стандарттан тыс жолды таңдаған.

«Біз тәтті бәлішті кекстен жасадық. “Кекс-бәліш” болды. Ол да дәмді, әрі ерекше өнім болып шығып, қазіргі уақытта біздің жұлдызымызға айналды. Сатып алушылар оны дәл осы өзгешелігі үшін жақсы көреді», – дейді Александра.
Kunde кондитерлік өнімдері тез танылып, тіпті, әлеуметтік желілерде де біраз талқыланды. Сатып алушылар жаңа өнімдер туралы пікірлерін бөлісіп, оларды іздеп жүріп, сатып алатын.

Magnum өндірушілермен жұмыс жасайды

Magnum өкілдерінің айтуынша, меншікті сауда маркалары – сөредегі өнімдер ғана емес. Ол – сауда желісі мен қазақстандық фабрика-зауыттардың нағыз бірлескен жұмысы.
«Бұл, әрине, шығармашылық симбиоз. Біз бірге ойлап табамыз, бірге сынап көреміз. Өндіруші өзінің желісінде ненің жақсы жұмыс істейтінін, қандай қаптама логистикаға шыдайтынын айтады, кеңес береді. Олар сарапшы болған соң, біз олардың кеңесіне құлақ асамыз».

Александра Чурсина
Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры
Ал қазақстандық өндірушілер үшін бұл серіктестік – тек үлкен желінің сөресіне шығу емес. Бұл арқылы олар дами түседі, жаңа нарықтарға шығып, тұрақты бизнес құруға мүмкіндік алады.
«Серіктестермен келісетін кепілдендірілген сатып алу көлемі – өте маңызды көрсеткіш. Ол – дамуға негіз болатын тұрақтылық».
Александра Чурсина, Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры.
Бұған дейін біз күніне 230 мыңға жуық жұмыртқа өндіріп, оларды Magnum-ға МСМ брендімен жеткізетін "АйМар Құс" құс фабрикасы туралы жазған болатынбыз.
Жемісті серіктестіктің тағы бір мысалы - Қарағанды облысындағы Саран қаласында орналасқан Sunpaper кәсіпорнындағы сапалы дәретхана қағазы, қағаз сүлгілер мен майлықтар өндірісі.
«Серіктестікті бастаған кезде компанияда толық цикл жолға қойылмаған еді, шикізаттың бір бөлігін импорттауға тура келетін. Тұрақты, әрі ұзақмерзімді ынтымақтастықтың арқасында олар жаңа деңгейге шықты. Қазір шикізатты өздері өндіреді, тіпті басқа кәсіпорындарды да шикізатпен қамти алады. Бұл ортақ жетістігіміз: сатып алушылардың өнімге деген сенімі артты, компания да өндіруші ретінде өсе түсті».

Александра Чурсина
Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры 
Басқа мысал – Петропавлдағы вафли өндіруші. Өнім өңірде танымал болғанымен, ірі қалаларға жеткізілмейтін.
«Біз бұл вафлиді Алматыға әкелдік, тұтынушыларға ұсындық. Нәтижесінде, ол танымал бір брендке тамаша балама болып шықты. Қазір өнім бүкіл ел бойынша сатылады, ал өндірушіге жаңа мүмкіндіктер ашылды. Өз бетінше осындай деңгейге шығу әлдеқайда қиын, әрі ұзақ болар еді».
Александра Чурсина, Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры.

Қазақстанда жасалған – бұл маңызды!

Айтып кеткеніміздей, бүгінгі таңда «Магнумның» МСМ өнімдерінің шамамен 60 пайызы Қазақстанда өндіріледі және бұл көрсеткіш артып келеді.
«Қазақстандық өндірушілермен жұмыс істей отырып, біз ұзақмерзімді, сыйластыққа негізделген серіктестік орнатамыз. Тұрақтылықты бағалаймыз, сондықтан бір маусымға емес, жылдар бойы жалғасатын әріптестікті көздейміз. Біз үшін ол өте маңызды. Сонымен қатар, бұл логистика шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Ел ішінде өндіру -шетелден жеткізуден, кеден арқылы өткізуден және үлкен партияларды сақтаудан гөрі әлдеқайда оңай. Біз аз мөлшерде, бірақ жиі жеткізіп отыра аламыз. Бұл жылдамырақ, әрі сенімді».

Александра Чурсина
Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры.
Екіншіден, сатып алушылардың көзқарасы да өзгеріп жатыр.
«Қазір Қазақстанда өндірілген өнімдер кеңінен қолданыла бастады. Адамдар: «бұл өнім шынымен өзіміздің жергілікті өнім бе?» деп жиі сұрайды. Ол тек МСМ-ге ғана қатысты емес. Жалпы қазақстандық киімдер, түрлі саладағы қазақстандық брендтер бағалана бастады. Біз де солардың қатарындамыз – жергілікті серіктестермен қуана жұмыс істейміз».
Александра Чурсина, Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры.

МСМ бағаны қолжетімді етуге қалай септігін тигізуде

Magnum-ның меншікті маркаларының басты идеясы — қолжетімді және адал баға.
«МСМ өнімдері салыстырмалы балама тауарлардан арзан болуы керек. Бір санат ішінде, бір қатарда біздің тауарды баға жағынан бірінші қылуға тырысамыз», - уточняет Александра.
Бағаны тиімді етуге тек өндірушімен жұмыс істеу ғана емес, желі тарапынан процестерді оңтайландыру да көмектеседі. Мысалы, дүкен қоймадан сөреге дейінгі логистиканы, жарнама мен маркетинг шығындарын өз мойнына алады. Сонымен қатар, сауда командалары мен мерчандайзингтің кейбір шығынын да азайтады. Мұның барлығы өнімнің сапасын нашарлатпай, өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Жылдағы дәстүрден айнымай, Жаңа жыл қарсаңында мерекелік себеттің құны отбасы бюджетіне ауырлық салмай, қолжетімді болуы үшін, Magnum промоакцияларын күшейтеді.
«Жаңа жыл алдында және басқа да мерекелерде азық-түлік себетінің бағасы ауырламауы үшін барынша тырысамыз. Арнайы бандлдар мен жинақтар жасаймыз: бірнеше тауар бірге алған кезде тиімдірек шығады, кейде шағын сыйлықтар да қосамыз. Бастапқыда бір қаптамадан артық қажет емес болып көрінуі мүмкін, бірақ оларды жақындармен бөлісуге болады – адамдар үнемдейді және дастарқанына көбірек азық-түлік ала алады».
Александра Чурсина, Magnum-ның меншікті сауда маркалары департаментінің директоры.
Көбіне мереке кездерінде меншікті маркалардың тауарларына адалдық бағдарламасы аясында қосымша бонустар беріледі – бұл да отбасыларды қолдап, мерекелік дастарқанды артық шығынсыз толтыруға мүмкіндік берудің бір жолы.
Қорыта айтқанда, қазақстандық сатып алушылар жаңа өнімді сынауға дайын, тек оларға таңдау мүмкіндігін беру қажет. Magnum МСМ сапалы өнімді артық төлемсіз ала отырып, оларды өзімізде, Қазақстанда өндірушілерді қолдауға керемет мүмкіндік береді. Меншікті маркалардың мықты тұсы да осы — сатып алушылар да, өндірушілер де ұтады.

Біз дүкенге кірген сәттен-ақ, себетті автоматты түрде толтыра бастаймыз: таныс ірімшік, өзіміз қолданып көрген жуғыш құрал, сүйікті тәттілерді аламыз. Бірақ соңғы жылдары Magnum сатып алушылары сауда желісінің меншікті сауда маркалары (МСМ) ұсынатын жаңа өнімдерді жиі таңдай бастады.

Біреулер үшін бұл – брендтің атағына бола артық ақша төлемей, үнемдеудің амалы болса, енді бірі жаңа дәмдер және текстуралармен танысқысы келеді. Ал қазақстандық өндірушілер үшін бұл — тұрақты дамып, жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі

Серіктестік материал

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети