Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Pegas Touristik клиенттерін "Инвест Авиа" орнына SCAT тасымалдайды

03 Желтоқсан 2014, 16:31
0
©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Pegas Touristik туристік компаниясы "Инвест Авиа" тасымалдау лицензиясын тоқтатқаннан кейін SCAT әуе компаниясымен келісімшартқа отырды. Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Pegas Touristik фирмасының ТМД елдері бойынша дамыту бөлімінің директоры Али Рыза Дырык хабарлады. Еске сала кетейік, "Инвест Авиа" лицензиясы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің канадалық өндіруші Bombardier борттарымен тасымалдау құжаттарының дұрыстығына күмән келтіруі себебімен тоқтатылған болатын.

Туроператор өкілінің айтуынша, туындаған жағдайға қарамастан, қазақстандықтардың демалыс бағдарламалары бұрынғы режимде жұмысын жалғастырып жатыр. Оның мәлімдеуінше, қазір Таиланд пен Египетте Pegas Touristik бөлімшелерінің 460 клиенті бар. Оларды үйіне "Инвест Авиа"-ның орнына SCAT жеткізетін болады. Тасымалдау, жоспар бойынша 5 және 7 желтоқсанда, іске асады. "Біз келісімге қол қойдық, ұшу уақыттарын да белгілеп қойдық. Біздің чартерлік бағдарламамыз қандай жағдай болмасын, жұмысын жалғастыра береді. Клиенттер турпакеттердің ақысын төлеп қойды, қосымша шығын болмайды", - дейді Дырык.

Pegas Touristik өкілінің мәлімдеуінше, "Инвест Авианы" "Эйр Астана" әуе компаниясы да алмастыра алады. "Дәл қазір SCAT компаниясымен келісімшартқа отырдық. Енді "Эйр Астана" әуе компаниясымен келіссөздер жүргізілетін болады. Бірақ клиенттеріміздің басым бөлігін SCAT-пен тасымалдайтын боламыз. Олардың алдын ала жарияланған, бізбен қатарлас рейстері бар. Олар - Паттайяға, жаңа жылдан бастап Пхукет пен Египетке дейінгі рейстер. Оларда, мысалы, Вьетнам жоқ, бірақ біз олардан борт алып, қосымша ұшамыз", - деді Дырык. Оның айтуынша, ұшу уақыты өзгеретін болса, бір күн бұрын жолаушыларға хабарланады. Айтылған 5 және 7 желтоқсандағы рейстерден кейін, 14, 23 желтоқсан мен 2 қаңтарда Пхукет пен 16, 24 және 26 желтоқсанда Шарм-эль-Шейхке рейстер жоспарланғанын атап өтті.

Туроператор өкілінің мәліметінше, қазір Pegas Touristik тарифтері қайта есептеліп, арта бастаған. "Біз, әрине, шығынға баттық. Бірақ біз оны қаржыландыру деп есептейміз. Біз заңгерлердің көмегіне жүгіндік. Бұдан арғы әрекеттің барлығын солардың ұсынысына қарай жүзеге асырамыз. Менің ойымша, біздің серіктес компания "Инвест Авиа" да сол туындаған талаптардың, құрбаны болды", - дейді Дырык.

Еске сала кетейік, 29 қарашада "Инвест Авиа" компаниясының лицензиясы 2014 жылдың 2 желтоқсанынан бастап жұмысын тоқтататыны айтылған болатын. Бұл жөніндегі хабарлама әуе компаниясына 28 қараша, жұма күні келіп түскен. Желтоқсанның 2-сі күні ААК түсініктеме берген. "Әуекомпания тасымалдау қызметінің жұмысын тоқтатуға себеп, өндіруші ел - Канаданың авиация басшылығы Bombardier-ді пайдалану кезінде ұшуға жарамды нұсқаулықты ұсынды. Бұл нұсқаулықты аталған әуе кемесін пайдаланушы, барлық әуекомпания орындауы тиіс. "Инвест Авиа" әуе компаниясы бұл нұсқаулықты орындаған жоқ, Bombardier компаниясы нұсқаулықты орындау мерзімін алты айға созу туралы хат жазды. Біз өз тарапымыздан Bombardier компаниясына сұрау салдық, бірақ компания хаттың түпнұсқалығын растамады", - деді Астанада өткен брифингте ҚР СІМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай