Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Peugeot Citroёn Қазақстандағы қызмет аясын кеңейтеді

05 Қараша 2015, 17:57
0
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияға ресми сапары аясында бизнес өкілдерімен бірнеше кездесу өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Назарбаев мен Peugeot Citroёn компаниясы басқармасының төрағасы Карлос Таварестің кездесуі барысында Қазақстан автоөндірушілермен ынтымақтастығының перспективалары, еліміздегі қызметі және оның аясын кеңейту мәселелері талқыланды.

Карлос Таварес Елбасыға қазақстандық серіктестерімен екі жыл ішіндегі бірлескен жұмысы, дайын өнім шығару өндірісі және оны көрші елдердің нарығына экспорттау жоспарлары туралы айтып берді.

Сонымен қатар, Назарбаев "Total" компаниясының бас атқарушы директоры Патрик Пуяннемен кездесті. Кездесу барысында көмірсутек шикізатын өндіру саласындағы өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы компанияның Қазақстанда белсенді әрі ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқанына, соның нәтижесінде сындарлы ынтымақтастық бойынша қомақты тәжірибе жинақталғанына назар аударды.Патрик Пуянне өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевқа Қашаған кенішін игеру және еліміздегі өзге де инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты. 

"Aubert&Duval" компаниясының президенті Жорж Дювальмен және Өскемен титан-магний комбинатының президенті Әсем Мамытовамен кездесу барысында металлургия саласындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы екі кәсіпорынның бірлескен жұмысы елді индустрияландыру бағдарламасының маңызды бөлігі екенін атап өтті. Қазақстан Президенті сондай-ақ компанияның машина және аспаптар жасауға арналған титан-магний өнімдері өндірісін кеңейту жөніндегі жұмыстарының есебін тыңдады.


© Аkorda.kz


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай