QazaqGeography Баянауыл ұлттық паркінде "Хан Қорық" жастар фестивалін өткізеді

25 Шілде 2017, 10:00
0
QazaqGeography Баянауыл ұлттық паркінде "Хан Қорық" жастар фестивалін өткізеді -

24-30 шілде аралығында QazaqGeography Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен (ПМПИ) және "Павлодар география үйі" қоғамдық бірлестігімен бірге Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" КММ Павлодар облысында Баянауыл ұлттық паркінің базасында "Хан Қорық" жастар фестивалін өткізеді.

Фестиваль жастардың бойында өз еліне, тарихына, мәдениетіне деген сүйіспеншілікті дамытуға бағытталған және Қазақстанның түрлі облыстарында өткізілетін студенттерге арналған QazaqGeography-дың жыл сайынғы жобасы болып келеді. Фестивальдің мақсаты - жастарды еліміздің тарихи, мәдени ескерткіштерімен және табиғи қорықтарымен таныстыру.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ықпалымен 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған фестиваль Қарағанды облысындағы Ұлытауда, ал 2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнап Оңтүстік Қазақстан облысында өткізілді.

Биылғы жылы фестиваль Мемлекет басшысының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласынан бастау алған "Туған жер" бағдарламасын және "Қазақстанның киелі жерлері" жобасын іске асырушеңберінде өтетін болады.Фестивальға 140-қа жуық адам  қатысады, оның ішінде12 қазақстандық жоғары оқу орнының және 4 шетелдік университеттің (Ресей мен Моңғолия) студенттері, сондай-ақ, QazaqGeography жас мүшелері. Биыл басқа елдердің студенттері фестивальға алғаш рет қатысады, мұның өзі оған халықаралық мәртебе береді.

Қатысушыларға табиғат ескерткіштерін аралау, экскурсия, лекция, баяндама, шеберлік сыныптары және тарихи-мәдени көрікті орындарды зерделеу ұсынылады. Бағыт студенттер мен QazaqGeography мүшелері Баянауыл өңірі мен Павлодар қаласының ең қызықты тарихи ескерткіштерін және табиғи қорықтарын аралай алатындай етіп ұйымдастырылған.ПМПИ-да "Туған жер" - менің тарихым, менің мәдениетім,  менің туған өлкем" атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.Фестивальдің соңғы күнінде студенттер Павлодар қаласында "Ертіс күні" мерекесіне қатысады.

2013 жылы құрылған QazaqGeography бес басым бағытта жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биологиялық алуан түрлілік; туризм, саяхат, өлкетану; тарихи-мәдени мұра, этнография.Қазіргі таңда келесі өңірлерде 11 өкілдік ашылған: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары.

QazaqGeography жобаларды Еуразиялық Топ (ERG), "Востокцветмет" ЖШС, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС сияқты компаниялардың демеушілік қолдауымен жүзеге асырады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай