SCAT әуе компаниясы Еуропаға рейстер ашуды жоспарлап отыр

09 Желтоқсан 2016, 14:21
0
SCAT әуе компаниясы Еуропаға рейстер ашуды жоспарлап отыр - © Probilet.kz
© Probilet.kz

SCAT әуе компаниясы Қазақстаннан Грекия, Италия, Израиль, Чехия және Германияға рейстер ашатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық әуе тасымалдаушылар, соның ішінде IOSА Еуропалық қауіпсіздік аудитін өткендері де (Air Astana, SCAT, "Бүркіт" және Comlux) ұзақ уақыт бойы ҚР-дан Еуропаға ұша алмады. Инвестициялар және даму минситрлігі, ҚР авиациялық билігі, SCAT және Air Astanа әуе компаниялары көп жұмыс атқарып, осының қорытындысы бойынша Қазақстанның ИКАО талаптарына сәйкестігі 74 пайызға дейін өсті. Осы арқылы Қазақстаннан Еуропаға ұшу шектеулері алып тасталды. 

Дегенмен еуропалық бағытта барлық әуе компаниялары ұша алмайды. Бұл үшін еуропалық талаптарға сәйкестігін растау керек. Ал барлық нормаларға сай келетін және қажетті ресурстары бар компаниялар Еуропа елдеріне халықаралық бағыттарды ашуды жоспарлап отыр. Осылайша, SCAT әуе компаниясы Қазақстаннан Грекия, Италия, Израиль, Чехия және Германияға рейстер ашатынын мәлімдеді. Енді қазақстандықтар рейстер арасында уақыт жоғалтпай, шетелдік компанияларға жүктері үшін артық ақша төлемей және өзге де транзиттік қиындықтарсыз Еуропаға бара алады. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай