UNIFEST AQTOBE – 2025 фестивалі: Ақтөбе жастарының өнерін ұлықтаған жарқын шара

ПОДЕЛИТЬСЯ

UNIFEST AQTOBE – 2025 фестивалі: Ақтөбе жастарының өнерін ұлықтаған жарқын шара Фото: Ақтөбе әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай дәстүрлі "UNIFEST AQTOBE – 2025" қалалық шығармашылық фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қаладағы барлық жоғары оқу орындарының өнерлі студенттері қатысып, өнер бәсекесінің көрігін қыздырды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен Ақтөбе қаласында 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай дәстүрлі "UNIFEST AQTOBE – 2025" қалалық шығармашылық фестивалі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ауқымды шараға қаладағы барлық жоғары оқу орындарының өнерлі студенттері қатысып, өнер бәсекесінің көрігін қыздырды.

Фестивальдің негізгі мақсаты – жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, шығармашылық қабілеттерді дамыту, жас таланттарды анықтау және студенттердің бір-бірімен шығармашылық байланысын арттыру. Әрбір оқу орны өзіне тән ерекшелігін көрсетіп, сахнада тың идеялар мен жаңа есімдер жарқырай көрінді.

Биылғы фестиваль бірнеше өнер бағыттары бойынша өтті. Қатысушылар "Үздік жүргізуші", "Эстрадалық ән", "Дәстүрлі ән", "Аспапта орындау", "Хореография", "Көркем сөз", "Ерекше жанр", "Үздік видеоролик", "Үздік фан-клуб" және "Үздік мобилограф" секілді номинациялар бойынша бақ сынады. Әр номинацияда студенттердің кәсіби деңгейі мен шығармашылық ізденісі айқын көрініс тапты. Фестиваль қорытындысы бойынша М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті бірнеше номинацияда үздік шығып, фестивальдің жеңімпазы атанды. Сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты және С.Бәйішев атындағы университет студенттері де түрлі номинациялар бойынша жоғары нәтижелер көрсетті.

Жеңімпаздарды анықтау барысында әділқазылар өнерпаздардың орындаушылық шеберлігін, сахна мәдениетін, шығармашылық деңгейін және көркемдік ерекшеліктерін ескерді. Фестиваль көрермендерге ерекше әсер сыйлап, студенттердің бір-бірін қолдауы мен достық рухын күшейтті.

"UNIFEST AQTOBE – 2025" — Ақтөбе жастарының талантын танытып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға зор ықпал ететін маңызды мәдени шара.

Осы жылы алғаш рет ұйымдастырылған бұл фестиваль өнер сүйер жастарды қанаттандырып, олардың шығармашылық ортаға еркін енуіне кең мүмкіндік берді. Жас таланттардың қанатын қатайтқан, шабытын оятқан "UNIFEST AQTOBE 2025" алдағы уақытта дәстүрлі түрде ұйымдастырылып, студенттік өнер мерекесінің дәстүрін жалғастыратынына сенім мол.

Фестиваль — жас өнерпаздардың шабыт алып, болашақ кәсіби жолын таңдауға серпін беретін рухани алаң. Ақтөбелік студенттердің өнері мен талпынысы бұл шараның жастар арасында маңыздылығы артып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Tengrinews
Ақтөбе әкімдігі ұсныған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети