Valve, Apple және Temu Қазақстанға миллиардтар төледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Valve, Apple және Temu Қазақстанға миллиардтар төледі

Цифрлық қызмет бойынша салық енгізілгелі бері шетелдік интернет компаниялардан Қазақстан бюджетіне 118,4 млрд теңге түскен. Бұл туралы Қаржы министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Google салығы деген не?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда қазақстандықтарға электрон қызмет көрсететін немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компанияларға салық салынады. Мұндай компаниялар Қазақстанда тіркелуге және қосылған құн салығын 12% мөлшерлемемен төлеуге міндетті.

Бүгінде Қазақстанда 118 шетелдік резидент емес компания есепке қойылған, олардың қатарында әлемнің ірі платформалары бар.

Олар қанша теңге көлемінде салық төледі?

"Шетелдік цифрлық компаниялар жалпы 118,4 млрд теңге төледі, соның ішінде биыл 48,6 млрд теңге түсті", - деп жазылған хабарламада.

2025 жылы ең ірі ҚҚС төлеушілер:

  • Valve Corporation - 8,6 млрд теңге;
  • Apple - 8 млрд теңге;
  • Temu - 6,2 млрд теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети