ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты мәселелер бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты мәселелер бойынша есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің сайтына сілтеме жасап.
Министрдің ақпаратынша, Қазақстанда мемлекеттік қызметті алудың 3 негізгі арнасы бар: «электронды үкімет» порталы, «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы, Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы.
«Бүгінде мемлекеттік қызмет тізілімінде 739 қызмет бар, оның 530-ын «электронды үкімет» және Мемлекеттік корпорация арқылы алуға болады. Жыл соңына дейін көрсетілетін қызметтер саны 80% артып, 583 мемлекеттік қызметті құрайтын болады», – деді статистикалық мәліметтерді келтірген Д. Абаев.
Сонымен қатар қалған 156 қызметтің электронды форматқа көшіріле алмайтыны аталып өтілді. Себебі, олар қызмет алушының нақты болуы талап етеді. Мұндай қызметтерге, мәселен, денсаулық жағдайы туралы анықтама алу, шекаралық аумаққа шығу және онда болу, шетелдегі ҚР азаматтарының есебі жатады, бұл қызметтер өтінім берушінің өзінің болуын талап етеді.
Ол барлық мемлекеттік қызметтерді алу үшін азамат 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау соғып, кеңес ала алатынын еске салды.
Министр «электронды үкіметтің» қалыптасқан инфрақұрылымының арқасында жыл сайны мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді электронды формаға ауыстыру, азаматтардын түрлі инстанциялар талап ететін құжаттар мерзімдері мен санын азайту бойынша шаралар қабылданып жатқанын хабарлады.
Мәселен, бүгінде портал пайдаланушылары 5,5 млн адамнан астам, немесе ол Қазақстанның белсенді халқының 61% құрайды.
Азаматтар үйден шықпай-ақ электронды форматта келесі қызметтерді ала алады: неке қою, бала туу, баланың тууына байланысты жәрдемақы, балабақшаға кезекке тұру, «Болашақ» стипендиясы бойынша шетелдік университеттерге түсу, мемлекеттік қызметке тұру үшін тестілеуден өтуге өтінім беру, коммуналдық қызметтерге, ұялы байланыс қызметіне төлем жасау, зейнетақы аударымдарын тексеру, кредиттік тарих мониторингі т.с.с.
Д.Абаев сонымен қатар көрсетілетін қызметтерді мобильдік қызметке аудару жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Қазір 83 түрлі қызмет пен сервис жүзеге асырылды. Мобильдік технологиялардың енгізілуімен құжаттарды ауыстыру, айыппұлды төлеу, техникалық тексеруден өту т.с.с. туралы хабарламаларды тек жеке кабинетке немесе электронды адреске ғана емес, SMS-хабарламалар арқылы жіберу мүмкіндігі туды», – деп қосты министр.
Ол мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстарын жүргізу қызметтерді көрсету мерзімін, мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылатын құжаттар тізімін қысқартуға, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлкен кедергі орнатуға жол ашқанын атап өтті.
Сонымен қатар ол «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бұл бағдарламаның мақсаты сандық экожүйені жеделдете дамыту арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттырып, Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеру болып табылады.
«Аталған бағдарлама аясында «электронды үкіметті» әрі қарай дамыту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын, оның ішінде «мемлекеттік органдар архитектурасын» құру, «ашық үкіметті» дамыту, мәліметтерді басқару жүйесін енгізу, Қазақстанның ауылдық елді мекендерін кең жолақты ғаламтормен қамтамасыз ету арқылы арттыру жоспарланып отыр», - деді Д.Абаев.
Ол сондай-ақ 2020 жылға қарай ғаламторды қалалықтардың 85%, ауылдықтардың 75% пайдаланатынын атап өтті.