05 мамыр 2017 | 11:17

Абаев Исекешевтің астаналықтардың жұмыс кестесін өзгерту туралы идеясын қолдауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астана тұрғындарының жаңа жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астана тұрғындарының жаңа жұмыс кестесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әкімдігіндегілер қала тұрғындарының жаңа жұмыс кестесін жариялаған болатын. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Сергей Хорошун ҚР Сенатындағы үкімет сағатында айтқан еді.

"Өзгермелі жұмыс кестесі - кептелісті азайтудың бір жолы. Астана әкімдігіндегілер жұмыс кестесін тек кейбір мекемелерде арасына 10-15 минут уақыт салып өзгертсе, бұл кептелісті айтарлықтай азайтатын еді. Нәтижесінде біздің елордамыздың тұрғындарына бұл тиімді болады", - деді министр.

Ал Дәурен Абаев тұрғындарды Астана әкімдігінің бастамасына қолдау көрсетуге шақырды.

"Мен Президенттің баспасөз хатшысы болғанда, біз әлемнің көптеген елдерінде болдық. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде - Токиода, Берлинде қолданылып жатыр. Мен Голландияда қызметкерлердің таңғы сағат 6-дан күндізгі сағат 3-ке дейін жұмыс істейтінін білемін. Олар сағат 3-те жұмыстан шығады. Қалған уақытта бос болады", - деді ведомство басшысы.

Құрылыс компанияларының жұмысының басталуын - 09.00-ден 07.00-ге; қалалық коммуналдық қызметтегілердің жұмыс кестесін - 09.00-ден 07.30-ға; қаржы институттары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесін - 09.00-ден 10.00-ге; ойын-сауық орталықтарының - 10.00-ден 10.30-ға; ұлттық компаниялардың жұмыс кестесін - 09.00-ден 09.30-ға ауыстыру ұсынылды. Сондай-ақ, республикалық басқарма органдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмысының басталуын -  09.00-ден 08.30-ға, білім беру мекемелерінің (колледждер мен ЖОО-лар) жұмыс кестесін - 08.00-ден 10.00-ге ауыстыру ұсынылып отыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Астана халқының жаңа жұмыс кестесіне қашаннан бастап ауысатыны белгілі болған еді. "Біз елордалық тұрғындарды жаңа жұмыс кестесіне 1 маусымнан бастап ауыстыруды жоспарлап отырмыз", - деп хабарлады Астананың Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети