Абаев, Меркель және Мусин адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамынан шығарылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абаев, Меркель және Мусин адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамынан шығарылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын өзгертуді көздейтін жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына:

- "Қазақстан ғылымы және өмірі" халықаралық ғылыми журналының бас редакторы Есберген Алауханов;
- Білім министрі Ғани Бейсембаева;
- Әділет министрі Азамат Есқараев;
- Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев;
- Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек;
- Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов;
- "Сана Сезім "әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің директоры Шахноза Хасанова.

Комиссия құрамынан шығарылғандар: бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Конституциялық соттың қазіргі төрағасы Эльвира Әзімова, Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Иоган Меркель, бұрынғы әділет министрі, қазіргі Конституциялық соттың судьясы Қанат Мусин, Гумилев атындағы ЕҰУ-дің бұрынғы оқу ісі жөніндегі проректоры, қазіргі Конституциялық соттың судьясы Еркін Оңғарбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети