Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Электрондық үкімет" порталында уақытша тіркеу қызметі мерзімінен бұрын ашылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев "Электрондық үкімет" порталында уақытша тіркеу қызметі мерзімінен бұрын ашылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Достар, министрлік айтқан мерзімнен екі апта бұрын «электрондық үкімет» веб-порталында азаматтарды уақытша тіркеу қызметі пилоттық режимде іске қосылды. Әзірше тестілік жұмыстар жүріп жатқандықтан, тіркеу қызметінде кейбір кідірістер болуы мүмкін. Бұл мәселеге түсіністікпен қарауға шақырамыз. Осы аптаның соңына дейін аталған қызметке мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.
Тіркеу жөніндегі нұсқаулықты төмендегі сілтемеден көруге болады:", - деп жазды министр Facebook желісіндегі парақшасында.
Бұл қызмет арқылы азматтар ХҚКО-ға бармай-ақ уақытша тіркеуге тұра алады.