Абаев: Президент әуежай атауына түсіністікпен қарайды деген үміттемін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абаев: Президент әуежай атауына түсіністікпен қарайды деген үміттемін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілгеніне қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Астана әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілгеніне қатысты өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Берілді-ау, әйтеуір. Бұл тақырып 5-6 жылдай талқыланды. Қолдаймын, әрине. Елбасының Қазақстанның инфрақұрылымына сіңірген еңбегнн асыра айту қиын болар. Қарағандыға кіре бергенде қандай үлкен жұмыс атқарылғанын, қанша қаражат жұмсалғанын сезіп білесіздер ғой. Мұндай сападағы жолдар кеңес кезінен бері салынбады. Адамдар Павлодарға барса да, айталық... Бұл жолдар, бұл процесс енді басталды. Неліктен Қорғастан бастадық, "Батыс Қытай - Батыс Еуропа" - бұл жоба халық жадында қалады", - дейді министр журналистерге халыққа есеп беру кездесуінде. 

Министрдің айтуынша, Астананың жаңа әуежайы - еліміздің сипаты және қонақтар оны Назарбаевпен байланыстыру керек. Сонымен қатар, Абаев Елбасы мұндай әрекеттерге тыйым салғандықтан жаңа әуежайдың атына қалай қарайды деген сұраққа жауап берді.  

"Елбасы жаңа атауға түсіністікпен қарап, қолдайды деген үміттемін. Мұның не үшін маңызды екенін жоғарыда айтып өткенмін. Халық кемінде "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жасалған жұмысты есінде сақтауы керек", - деді Абаев. 

Абаевтың пікірінше, көптеген нысандарға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруге болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети