30 қазан 2018 | 15:47

Абаев төтенше жағдай кезінде Интернетті бұғаттау туралы түсіндіріп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәурен Абаев Дәурен Абаев

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау туралы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау туралы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл құқық Бас прокуратураға, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Ішкі істер министрлігіне және Қорғаныс министрлігіне берілді. Бұл мемлекеттік органдар қандай да бір төтенше жағдай тууы немесе қауіп төнген кезде үкіметтік, президенттік және шұғыл қызметтен өзгелердің байланыс құралдарының және желілерінің қызметін тоқтата алады.

"Бұл мемлекеттік органдар қандай ұстаныммен таңдалған? Шын мәнінде қаулымен бұл құқыққа ие мемлекеттік органдардың тізімі қысқартылған. 2004 жылғы қаулыға сәйкес, бұл тізімде 22 субъект болған, олардың қатарында мәдениет және спорт, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым министрліктері бар", - деп түсіндірді министр.

Абаевтың айтуынша, аталған мемлекеттік органдардың төтенше жағдайды жоюға тікелей қатысы бар.

Министр желілер мен байланыс құралдарының қызметін тоқтатудың Интернетті бұғаттауға қандай қатысы бар екенін түсіндірді.

"Төтенше жағдай бола қалса мемлекетке байланыстың барлық арнасы қажет болады, ол халықты құлақтандыру үшін, мысалы, телеарналар мен радио. Қаулы мемлекетке Қазақстан аумағында ақпарат тарататын кез келген теле немесе радиоарнаны өшіруге рұқсат береді, бұл халықты катаклизм туралы хабардар ету үшін және тиісті нұсқаманы жүргізу үшін қажет. Бұл алгоритм биліктің желілер мен байланыс құралдарын "қолданушылық басымдығы" деген ұғымды білдіреді. Интернет "желі және байланыс құралы" санатына жатады, алайда бұл жағдайда Интернет желісін толық өшіруді мемлекеттің қолданушылық басымдығы деу орынсыз", - деді Абаев.

Министрдің айтуынша, бұл қаулы мемлекетке ешқандай жаңа өкілеттік бермейді. Мұның барлығы 2004 жылдан бері бар. Құжат төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік органдардың коммуникациялық жұмыстар бойынша өкілеттігін реттеп беріп отыр, бұл әлемдік тәжірибеде бар.

Министрдің айтуынша, бұл қаулы "Интернет пен әлеуметтік желіні бұғаттау" туралы емес.

"Бұл тақырыпқа қатысты кез келген әңгіме - арандатушылық", - деді Абаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети