Абаев үкімет отырысының қазақ тілінде өткеніне қатысты пікір білдірді

27 Ақпан 2018, 14:22
1
Абаев үкімет отырысының қазақ тілінде өткеніне қатысты пікір білдірді -

Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент пен үкімет мүшелерінің қазақ тілін жақсы білетінін, алайда отырыстарда орыс тілін қолдануға тыйымның жоқтығын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елімізде үштілділік саясаты жүріп жатыр, қазақ және орыс тілдерін ғана емес, ағылшын тілін де. Бұл мәселе өз орнымен шешіледі. Мен диванда отырып сынайтындарға қарағанда қазақ тілін білмесе де Қазақстанның нағыз патриоты болып, елдің дамуына ерекше үлес қосқандарды көптеп мысалға келтіре аламын", - деді министр үкімет отырысының үзілісінде.

Дәурен Абаев үкімет отырысының қазақ тілінде өтіп жатқанына қатысты Абаев мұның міндетті емес, алайда өз уақытымен болып отырған үрдіс екенін айтты. 

"Тәуелсіздігіміздің 26 жылы ішінде үкіметте, Парламентте қазақ тілінде сөйлей бастауымыз керек. Бұл мемлекеттік тілді меңгерген деңгейіне байланысты. Қазақстанның кейбір азаматтары ойын орыс тілінде жеткізгісі келсе және жеткілікті түрде қазақ тілін біомесе олардың орыс тілінде сөйлегені дұрыс деп есептеймін. Тағы да қайталап айтамын, үкіметтің барлық мүшесі мен депутаттар қазақ тілін жақсы меңгерген", - деп мәлімдеді ол.

Еске салайық, 26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдаған кезде "Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс" екенін мәлімдеген болатын.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай