27 ақпан 2018 12:14

Үкімет отырысы қазақ тілінде өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pm.kz © pm.kz

Үкімет отырысы қазақ тілінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет отырысы қазақ тілінде өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін өткізілген отырыстарға қарағанда бұл жолы министрлер баяндамаларын тек қазақ тілінде оқыды. Мұндай үрдісті премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастап беріп, министрлерге мемлекеттік тілде сөйлеуге сөз берді. Осыдан кейін инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, кейінірек энергетика министрі Қанат Бозымбаев сөз алды.

Селектрлік байланыс бойынша сөз алған облыс әкімдері де, өз кезегінде, баяндамаларын мемлекеттік тілде оқып берді. Бірақ Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин баяндамасын қазақ тілінде бастап келіп, есеп соңында орыс тілінде сөйлеп кетті.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев та баяндамасының бір бөлігін орыс тілінде оқыды. Министр бұл жолы премьер-министрден ауылдық мектептерді компьютерлермен және Интернетпен қамтамасыз етуді тапсыруды сұрады.

Еске сала кетейік, кеше, 26 ақпанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевпен кездесу барысында Парламент пен Үкіметтің қызметі тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс екенін айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети