Абай ауданы Алакөлде екі адам мінген көлік мұз астына кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай ауданы Алакөлде екі адам мінген көлік мұз астына кетті ТЖМ баспасөз қызметі

Абай ауданы Алакөлде екі адам мінген көлік мұз астына кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай ауданы Алакөлде екі адам мінген көлік мұз астына кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 2023 жылғы 13 қаңтарда Абай ауданындағы қатып қалған су қоймасында болған. Сағат 15:10 шамасында "НИВА" көлігінің жүргізушісі жолаушысымен бірге Алакөл көлінен мұз үстімен өтіп кеткен.

"Мұз жамылғысы сынып, нәтижесінде көлік су астында қалды. Көлікте отырған жолаушы көліктен шыға алды. Өкінішке қарай, жүргізуші көлік салонынан шыға алмай суға батып кетті. Жұмыс барысында 14 қаңтарда таңертең сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне шығарды", - делінген хабарламада.

Құтқару жұмыстарына ҚР ТЖМ күштері мен құралдары Абай облысының жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника бірлігі, ЖАО 25 адам 6 техника бірлігі тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети