02 қыркүйек 2021 | 17:24

Абай аулында зорланған бала ісінде тағы дау шықты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: elements.envato.com Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

The Village Kazakhstan басылымының журналистері Абай ауылында жеті жасында зорланған баланың әжесінің өмірі туралы әңгімеледі. Басылымда әйелдің әлі де сол ауылда тұратыны, үйден шығуға қорқатыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

The Village Kazakhstan басылымының журналистері Абай ауылында жеті жасында зорланған баланың әжесінің өмірі туралы әңгімеледі. Басылымда әйелдің әлі де сол ауылда тұратыны, үйден шығуға қорқатыны айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

The Village Kazakhstan басылымы "Абайдан шыққан бала: зорлық-зомбылық құрбаны үш жылдан кейін қалай өмір сүріп жатыр?" деген тақырыппен мақала жариялады. Онда журналистер Түркістан облысының Абай ауылына жасаған сапары туралы айтады.

"Біз олардың осы үйде тұрып жатқанын кездейсоқ білдік. Бүкіл Қазақстан оларға Алматыдан баспана беріліп, көшіп кетті деп ойлап жүр. Бірақ, мүлде олай емес екені белгілі болды. Ескі үй. Есіктерін мүлдем ашпайды. Далаға дәретханаға бару үшін ғана шығады. Бұл үйдегі ең бағалы дүние - ескі теледидар", - делінген мақалада.

Басылымда баланың әжесінің сөздері келтірілген.

"Оның анасы (зорлаушылардың бірі. - Ескерту.) әлі күнге дейін мас кезінде балта, пышақ алып бізге келеді. Ұлы түрмеге отырғаны үшін бізді кінәлайды, түрлі сөздер айтып қарғайды. Кеше ғана қайтадан келіп кетті. Полиция оларға ештеңе істей алмайды. Менің немерем сыртқа шықпайды, өйткені "Еуразия" телеарнасы оның бет-әлпеті мен шын есімін көрсеткен, сондықтан оған бәрі әлі күнге дейін бетіне басып айтады", - деген ол.

Бірнеше сағаттан кейін басылымға балалар омбудсмені Аружан Саин жауап берді.

"Бала анасымен бірге осы жылдар бойы Алматыда тұрып келеді, біз бұны жақсы білеміз. Өйткені олар қор еріктісі тегін берген пәтерде тұрып жатыр. Пәтерге риза болды және әлі де тұрады. Бала мектепте оқиды, денсаулығы жақсы, анасы жұмыс істейді. Біздің қор баланың психологқа барған сабақтарының ақысын төледі, олар оң нәтиже берді.

Мен бүгін анасымен сөйлестім, бала мектепке барады. Қазір демалыста. Демалысты пайдаланып екеуі де әжесіне қонаққа барған. Әжесімен болған сұхбат туралы ештеңе білмейді, ол осы мәселе бойынша анасымен сөйлеседі.
Мақалада айтқан баланың Абай ауылында әлі де тұратыны туралы ақпарат, жалған", - деді Аружан Саин Facebook-те.

Саин бұл ақпаратты шығарудың артында оның қоры мен жеке басына жала жауып, шабуыл жасағысы келетін адамдар тұрғанына сенімді.

Мақалаға білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова да түсінік берді. Ол БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің қызметкерлері адвокатпен және баланың отбасымен байланыста екенін айтты.

"Қазіргі уақытта баланың әжесі Абай ауылында, ал анасы баласымен Алматыда тұрады, олар қор еріктісі тегін берген пәтерде тұрып жатыр. Бүгін Аружан Саин анасымен байланыста болды, бәрі тәртіппен, бала мектепте салтанатты жиында болды", - деп жазды ол.

Сонымен бірге, басылым авторлары шенеуніктердің мәлімдемесіне наразы болды.

"Неліктен сіз материал шыққанға дейін жағдайға түсінік бермедіңіз, мен сіздің өкілдеріңізге жүгіндім. Неге оларға пәтер берілмеді? Қорлыққа шыдап жүрген кәрі әйелге кім қамқорлық жасайды? Мақалада ол үнемі сонда тұратыны туралы жазды депсіз, неге? Неліктен анасы сұхбат беруге қатты қорқады? Неге директордан бастап бәрі өз орнында отыр? Неліктен баланың әжесі сіздің еріктіңіз берген пәтерден шығарып жібергенін айтты?" - деп сұрады мақала авторы Әсем Жапишева.

Сонымен қатар, басылымда материал шыққаннан кейін редакцияға қысым жасалғаны туралы жазылды.

"Дәл қазір біздің редакциямызға мақаланы алып тастауды талап етіп, түрлі ведомстволардан белгісіз тұлғалардан шабуыл жасалып жатқанын хабарлауға мәжбүрміз. Біз тәуелсіз журналистерге қысым көрсетуді тоқтатуды талап етеміз. Біз жарияланған материалды жойғымыз келмейді. Бұл адамдарға журналистердің аузын жабуға тырыспай, елдегі мәселелерді шешуге кеңес береміз", - делінген басылым хабарламасында.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі журналистерге көрсетілген қысым туралы ақпаратты түсіндірді.

"АҚДМ бейінді ақпарат комитетінің жауапты қызметкерлері The Village редакциясымен, сондай-ақ мақала авторымен байланысқа шығып, редакцияға көмек көрсету, болған оқиғаның егжей-тегжейін білу үшін хабарласады. Министрлік журналистер мен БАҚ-қа қысым көрсетуге жол берілмейді деген ұстанымда. Министрлік өз тарапынан журналистердің құқығын қорғауға көмектесуге дайын", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Tengrinews.kz редакциясы Аружан Саинға жағдайды түсіндіруді сұрап, сауал жіберді.

Еске салайық, оқушыға қатысты зорлық-зомбылық туралы ақпарат желіде 2018 жылдың наурызының ортасында пайда болды. Бірнеше жоғары сынып оқушысы зорлық жасады деген күдікке ілінді. Бірнеше елдің сарапшысы 14 зерттеу жүргізді және бес айдан кейін зорлау шынымен болды деген қорытындыға келді. 2002 жылы туған кәмелетке толмаған үш бала сотқа тартылды. Үш адамға қатысты қылмыстық қудалау 14 жасқа толмағандықтан тоқтатылды.

Сот процесі жабық режимде өтті. Сотталушы жалпы режимдегі кәмелетке толмағандарға арналған орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеумен жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді алқабилер шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети