22 мамыр 2021 | 18:26

Абай ескерткішіне жұмыртқа лақтырған павлодарлық 7 тәулікке қамалды

Фото: 24.kz

Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған павлодарлық бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті тәулікке қамалды. 21 жастағы жігіттің ісін Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған павлодарлық бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, жеті тәулікке қамалды. 21 жастағы жігіттің ісін Павлодардың мамандандырылған әкімшілік соты қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар тұрғыны ұсақ бұзақылық үшін кінәлі деп танылды. Сотта оқиғаның мән-жайы анықталды.

"Сотта павлодарлық әрекетін мойындады, өкінетінін айтып, бұзақылық ниетпен дүкеннен жұмыртқа мен дәретхана қағазын алдын ала сатып алып, Павлодардың орталық алаңына барғанын, сосын ондағы ескерткішке жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырғанын айтты", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Сот мәліметінше, жігіт қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде бармен болып жұмыс істейді және бірнеше рет әкімшілік жауапқа тартылған.

"Сот Павлодар тұрғынын ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамау тағайындады. Бұған дейін ол 2018 жылдың қарашасында көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, жол-көлік оқиғасын жасағаны және оқиға орнынан кетіп қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметіндегілер.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған павлодарлық бұзақылық жасағаны үшін видеода кешірім сұрап, кейін ластаған жерін жуған болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная