22 мамыр 2021 09:09

Павлодар тұрғыны жұмыртқа лақтырып ластаған Абай ескерткішін жуды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған павлодарлық бұзақылық жасағаны үшін видеода кешірім сұрады, кейін ластаған жерін тазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырған павлодарлық бұзақылық жасағаны үшін видеода кешірім сұрады, кейін ластаған жерін тазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram-да жарияланған видеода жігіт қолына шелек пен шүберек алып тұғырды жуғанын көруге болады.

"Кеше қателесіп, Абай Құнанбаевтың ескерткішіне жұмыртқа лақтырдым. Кінәмді өтеу үшін ескерткішті өз еркіммен жууды ұйғардым. Павлодар мен Павлодар облысының барлық тұрғынынан кешірім сұраймын. Мұндай қателік жасамаңыздар", - дейді жігіт.

Еске салайық, 21 жастағы павлодарлық облыс әкімдігі маңында орнатылған Абай ескерткішіне жұмыртқа мен дәретхана қағазын лақтырған болатын. Ол мұны құрбысымен жанжалдасып қалғаннан кейін ашуға беріліп жасағанын айтты. Жігіт сол кезде мас болғанын мойындады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мой Павлодар (@mypavlodar)

Полиция қызметкерлері ұсталған адамға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік материал толтырып, сотқа жолдады.

Оған қоса, жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша қоғамдық орында мас күйде болғаны үшін бес айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети