Абай облысында 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында 13 жастағы оқушы жоғалып кетті

Абай облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында 13 жастағы қыз жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз 13 қазанда кешке үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған. Туыстары полицияға арыз жазған. Ол Семейден кетіп қалуы мүмкін деген болжам бар.

Абай облысының Полиция департаменті жоғалған қызды іздеу бойынша тұрғындарға үндеу жолдады.

"Із-түзсіз жоғалып кеткен Саржан Аружан Ануарқызын (26.06.2012 жылы туған) іздеуге жәрдемдесуді сұраймыз. 2025 жылғы 13 қазанда ол Бородулиха ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның жүрген жері белгісіз", – деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілері: шашы ұзын, қара түсті, көзі қоңыр, қараторы. Көзінің астында қал бар. Бойы 155–160 сантиметр, арықша келген.

Үстінде қара түсті былғары куртка, ақ түсті капюшоны бар толстовка және ақ түсті аяқкиім болған.

"Егер қыздың жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білсеңіз, 102 нөміріне хабарласыңыз", – деп нақтылады полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети