Абай облысында агроөнеркәсіп кешеннің даму қарқыны артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында агроөнеркәсіп кешеннің даму қарқыны артты Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Абай облысының басты ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов агроөнеркәсіптік кешеннің даму көрсеткіштері мен Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысының басты ақпараттық алаңында облыс әкімінің орынбасары Думан Оспанов агроөнеркәсіптік кешеннің даму көрсеткіштері мен Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысын баяндады.

"Жалпы 10 айдағы ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 404,3 миллиард теңгені құрады. Көрсеткіштің негізгі бөлігін мал шаруашылығы тиесілі – 236 миллиард теңге. Нақты өсім мал шаруашылығында өткен жылмен салыстырғанда 105,2% жетті. Саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік қолдауға 15,1 миллиард теңге бөлінді. Алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге, ал саланың еңбек өнімділігін үш есеге арттыру – басты міндет", – деді Думан Оспанов.

"Кең Дала" бағдарламасы аясында 202 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 9,5 миллиард теңге көлемінде 5% жеңілдікпен қаржы бөлінді.

"Егін жинау жұмыстары аяқталуға жақын. Дәнді-дақылдар, картоп, көкеніс бақша дақылдарын жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Майлы дақылдар жинау жұмыстары 97,8% аяқталып, 332,2 мың гектардан 502,3 мың тонна өнім бастырылды. Орташа өнімділік – 15,1 ц/га. Әртараптандыру шеңберінде дәнді дақылдар алаңы 12 мың гектарға қысқарып, майлы дақылдар 42,5 мың гектарға артты. Суармалы жерлерді дамыту жалғасуда. 113,4 мың гектардың ішінде 31,6 мың гектары игерілуде, су үнемдеу технологиялары 22,1 мың гектарда қолданылады. 2024–2028 жылдары 6 су қоймасы, 10 гидротехникалық нысан және 17 ирригациялық жүйе жаңғыртылады. Нәтижесінде қосымша 31 мың гектар суармалы жер айналымға енгізіліп, 180 млн м³ су жинауға мүмкіндік туады", – деді спикер.

Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту қарқыны тұрақты өсуде. 10 ай ішінде салаға 45,9 миллиард теңге инвестиция бағытталды.

"Қазір өңірде бірқатар маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Атап айтсақ, Жанасемейде жылдық қуаты 11,4 мың тонна болатын ірі ет комбинаты салынуда, 2031 жылға дейін бордақы қуаттылықтарын 21 мыңнан 86,5 мың басқа дейін ұлғайту бағытында өндірістік бордақылау алаңдары салынады. Маканшы мен Үржарда майлы дақылдар мен құрама-жем өндіретін зауыттар, ал Семейде 8,2 миллиард теңгелік күнбағыс майын өндіру желісі іске қосылуда. Бұдан бөлек, ірі швейцариялық компаниямен бірлесіп 29 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жобасы әзірленіп жатыр (34 миллиард теңге). Сондай-ақ Семей қаласында 935 млн теңгеге тері өңдеу кәсіпорнын ашу жобасы қарастырылуда", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Облыста жер қорын тиімді пайдалану басты міндеттердің бірі. Өңірдің жалпы аумағы 18,5 млн гектар, оның 9,2 млн гектары – ауыл шаруашылығы жерлері. Ведомствоаралық жұмыс тобы пайдаланылмай жатқан 154,3 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарды, бұл жоспардың 91 пайызын құрайды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың ортасына дейін қайтарылған барлық ауыл шаруашылығы жерлері тұрақты айналымға енгізілуі тиіс. Облыс құрылғаннан бергі кезеңде 500 мыңнан астам гектар жер айналымға қосылды. Оның 300 мың гектары – конкурстар арқылы, 200 мың гектары – елді мекендерге берілді. Сондай-ақ, 2022–2025 жылдары мемлекетке қайтарылған 400 мыңнан астам гектар жерді айналымға енгізу жоспары бекітілді", – деп қорытындылады Думан Оспанов.

Tengrinews
Абай облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети